Түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар. Кәсәпорын дегеніміз-қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және түсін түсіру мақсатындағы жұмытарды атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субьект. Кәсіборындар өздерінің қызметін өздігінше жүргізеді, шығарған өнімін, түсірген пайдасын өзі жұмсайды.
Кәсіпорындар жеке, мемелекеттік меншіктегі, қоғамдық және діни ұйымдардың меншігінде болып құрылуы және әрекет етуі мүмкін.
Меншіктің нысаны қарай халық шаруашылығына жеке, мемлекеттік және меншіктік аралас нысанындағы кәсіпорындар құрылуы мүмкін.
Экономикалық дамыған елдерде жеке азаматтардың меншігіне негізделген индивидуалдық кәсіпорындар үлесі елеулі болады.
Арендалық кәсіпорындар-мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арасындағы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылады.
Мемелекеттік кәсіпорындар мемлекеттік билік органдарының өкімімен құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі бюджеттік қаражаттардың есебінен құрылады.
Акционерлік қоғамдар-заңды және жеке тұлғалардың ерікті бірлестіктері меншіктің аралас нысандарындағы кәсіпорындарының бір түрі болып табылады. Акционерлік қоғамдардың мүлкі қоғамның жарғылық қорына қосқан акционерлердің салымдарының есебінен құрылады. Әр акционер өзінің салымының мөлшерінде ғана тәуекелшілікке барады және акционерлік қоғамның алған міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Индивидуалдық шаруашылықтың қожасы өзінің кәсіпорнының үшін өзінің жеке меншігіндегі барлық мүлкімен жауап береді.
Жекешелендіру. Жетпіс жылдан аса Қазақстанда әміршіл экономика үстемдік жүргізді. 80-жылдардың басында Кеңес Одағын түгел қамтыған терең экономикалық дағдырыс экономиканы реттеуді мемлекеттік деңгейдегі қайта құруды, нарық қатынастарына өту қажеттігін алға тартты. Әміршіл-әкімшіл жүйеден қазіргізамандық нарықтық экономикаға ауысуы қажеттігі әміршіл экономиканың әрекет қабілеттілігінің төмендеуімен байланысты туады. Нарыққа өту шаруашылық жүргізудің ескі жүйесін түбірімен қиратуды, соның ішінде ен алдымен меншік қатынастарды қайта қарауды көздейді. Өндіріс құрал жабдықтарға монополиялық мемлекеттік меншік экономиканың дамуын тежейтін, өзінің әрекетімен шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүдделілігін төмендететін негізгі факторға айналды.
Жеке және ұжымдық шаруашылық жүргізуші субьектілерге мемлекеттік меншікті беру немесе сату арқылы меншік қатынастарды қайта құру жекешелендіру деп аталады. жекешелендірумен қатар нарықтық қатынастарға өткен кезде меншікті мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады. Мемлекет иелігінен алу деп меншіктің сипатын өзгертпестен, сәйкес құзіреттілікті кәсіпорын деңгейіне өткізу жолымен экономиканың мемлекет тарапынан тікелей басқару механизмдерін жоюды айтамыз.
Бұл шаралар экономиканы басқарудағы мемлекеттің рөлі төмендетуге, меншіктің көптүрлілігіне негізделген экономикалық жүйенің тиімділігін қалыптастыруға бағытталған. Алайда меншіктік қатынастардың өзгеруі нарықтық экономиканы құру жолындағы бірден-бір шара емес. Мұнымен қоса, либералдандыруды, монополиясыздандыруды, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруды. Нарықтық инфрақұрылымды жасауды кешенді түрде жүзеге асыру қажет.
Қазақстанда жекешелендіру екі кезенде жүзеге асырылды. Жекешелендірудің бірінші кезеніңде ұсақ кәсіпорындар-сауда нысандар, қоғамдық тамақтандыру, көлік, тұрмыстық қызмет көрсету, жергілікті өнеркәсіп нысандары жекеменшікке берілді. Сонан кейін ірі өнеркәсіб орындары жекешелендірілді. Бірінші кезенде тұрғындар өздерінің жекешелендіру купондарын (мемлекеттік меншіктегі үлесін алуға құқық беретін ерекше құжат) пайдаланды. Ондай купандарды республиканың барлық азаматтары алды. Жекешелендірудің екінші кезенінде ақшалай жекешелендіру, яғни ірі мемлекеттік кәсіпорындарды «тірі ақшаға» сату жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |