Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет71/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Негізгі нарықтық ұғымдар

Тауар. Нарық. Ақша. Құн және баға. Сұраныс және ұсыныс заңы.Бәсеке және монополия.

Тауар. Еңбек бөлінісі жағдайында әркім өзінің қолынан келгенін өндірді. Өндіруші өнімін келешекте өзіне қажетті өзге өнімге айырбастау ниетімен өндірді. Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнімді тауар дейміз. Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым болып табылады. Нарықтың өзінің пайда болуы тауар өндірісінің пайда болуымен байланысты. Өйткені, тауар өндірушінің өзі пайдалануы үшін өндірілмейді ғой, ол-өзге тауарға айырбастауға арналған өнім. Сонда айырбас қалай жүреді? Енді соған назар аударайық. Бұл –нарық үдерісі. Нарық ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Батыстан келген « рынок » сөзі әуел баста сатушы мен сатып алушы кездесетін орын ұғымын білдірген. Қазіргі кезде « рыноктың » қазақша баламасы ретінде қолданып жүрген нарық ұғымы кең мағынада қолданылады. Нарық тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтынтауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқа сөзбен, түсініктірек етіп айтқанда, нарық дегеніміз-нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Алғашында тауар айырбастау қарапайым формада, негізінен баспа-бас (бартер) түрінде жүзеге асырылды. Мұндайда «сатушы» мен «сатып алушының» мүдделері үйлесе бермейтін. Кейде адамдар өздеріне қажетті тауарларды алу үшін бірнеше айырбас жасауларына тура келетін. Сонымен қоса, ұтылып қалмау жағын ойластыру тағы керек.



Ақша. Ақша экономиканың даму тарихында «ерекше текті тауар» болып келді. Ақшаның ерекшелігі оның әмбебаптығынан, жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрініс береді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үдерісінде делдал тауар қызметін атқарады. Әртүрлі уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әртүрлі тауарларды-астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын мен күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, өзінің құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарға толық жауап берді. Сонымен қоса металл ақшалардың маңызды қасиеттердің бірі-олардың бөлінетіні болды. Қымбат металлдар көлемі қанша болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын әрқашан сақтайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекет кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды. Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады.Қағаз ақшалар алтын теңгелердің «өкілі» іспетті жүретін болды. Қағаз ақшалардың құны алтынмен кепілденді және олар алтынғае ркін айырбасталды.біздің ғасырымызда кағаз ақшалар өзінің алтынмен байланысын үзді. Сонымен, ақша дегеніміз-жалпыға бірдей эквивалент ретінде кызмет ететін ерекше тауар. Ақшаның мәні оның атқаратын функцияларынан көрініс береді. Ақша негізінен үш функция атқарады: 1)ақша айналыс құралы ретінде қолданылады, ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады; 2) ақша құн өлшемі ретінде қолданылады, ақшамен біз нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құнын өлшейміз; 3) ақша қорлану қоры қызметін атқарады, егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, онда оның ақшалары қазына құру құралы функциясын атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет