ЛЕКЦИЯ ҚЫСҚАША КУРСЫ
-8-
8. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Лекция 1.
Тақырыбы: Нүсқадан ұзақ мерзімді Кескіндемелік этюд орындаудың әдістемесі: живопис тік этюд, нұсқалық қойлымды ұйымдастыру. Кескіндемелік натюрмортты әр түрлі материалда орындау: акварель, гуашь, темпера.
Жоспар.
Бояудың жағылу тәсілдері мен әдістері.
Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері.
Акварель деген атау латынның адия су деген сөзінен шыққан бұл сөз суға езілген бояуларды да, сол бояулармен салынатын шығармаларды білдіреді .
Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады . Мөлдір жағылғандықтан бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады.
Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуының артықшылығын – оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады.
Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын шек, кереғары айырмашылық болмайды олар бір-бірімен жымдасып, бір-біріне жігі білім бей, жұмсақ реңкпен жалғасып жатады.
Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері.
Акварель бояуында жұмыс жасау. Техникасында ақ тусті қолданылмайды. өйткені оның орнына қағазды өз түсі қолданылады. Акварель бояуының материальы – пигмент жабыстырушы зат.Акварель бояуларының плитка тәрізді қаттысы да фарфор ыдысқа салынған іркілдегі де, тюбик етіп қойған жұмсығыда болады. Акварель бояуларымен жұмыс жасағанда пигментті еріту үщін су пайдалынады. Акварель бояулары магазиндерде метериалдан және пласмассадан жасалған ыдыстарда сатылады. Лененградтағы “ черная речка ” фабрикасы жасаған бал ар алас акварель бояуы ең жақсы сортты бояу болып табылады.
Акварель болу үшін әдетте беті будырмақ (ватман немесе жартылай ватман ) қағаздарын пайдаланады. Ерте заманда акварельмен салатын суретшілер суреттерін ерекше әдіспен иленген ешкі терісіне – пергаментне салған көрінеді. Акварель бояуына арналған қағаздың барлық түрі де таза зығырдан жасалған болу керек. Жылтыр қағаздарға қарағанда беті будырмақ (ватман немесе жылтыр ватман) қағаздарға акварель бояулары жұғады. Әрине, суреттің сыртқы көрінісіне және сапалы шығуына материалдарды сапасы да әсер етюді. Сондықтан да акварельмен жұмыс жасаған қағаз көтеріліп тұрмас үшін оны тегіс тақтайға кріп, жиектерін желімдеп алған дұрыс. Желімдерін ыңғайлы болуы үщін қағаздың жиектері тақтайдан үш-төрт сантиметр асып тұруы керек.
Қағаз жиырылмай жақсы керілуі үшін он алдымен сулаған щеткамен немесе дымқыл гупкамен сүртеді, содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да қағаздың әлгі артқы шеттерін қайырып жапсырады. Дайындалған қағазға суретті
-9-
әбден кепкеннен кейін салу қажет. Акварельмен жұмыс жасаған кезде күзеннің немесе тиынның түгінен жасаған қаламдар пайдаланады. Акварельне арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі қалыңдатып жағуға мүмкіндік береді.
Үлкен қылқаламдармен үлкен таңдақтарды ал кішкене қылқаламдармен шығарманың ұсақ бөлшектерін бояйды. Қылқаламдардың сыртында 1,2,3,4, және одан да көп сандар қойылған . Бұл сандар неғұрлым жоғарлаған сайын қылқалам да соғұрлым үлкен болады.
Акварель бояуларымен жұмыс жасауға арналған қылқаламдардың қылшықтары ұзын, сондықтан олар бояуды молырақ жұқтырып алуға ыңғайлы. Бояуды біркелкі жағып болған соң қылқаламды таза суға жуып, суын сығып, сорғытып отыру керек.
Акварель бояуымен сурет салғанда жарық пен көлеңкені айырып көрсетуден бұрын суретті қарындашпен түсіріп алған жөн.Өшіргіш өте қажет жағдайда болмаса, ретсіз пайдаланбау керек, өткені өшірілген жерге бояу нашар жұғады. Обьектінің суретін салған да оның жарық, көлеңке, түстік рецктерін дұрыс айырып, дәл нұсқасын жазып алу керен.
Акварель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне екінші түсті бояуды бірте – бірте жағып отыру керек , егер бұлай етпесе, жаңсақ алынған түс суретті бүлдіріп жіберу мүмкін.
Әдетте бір түсті екінші бір түске ауыстыру, немесе түстерді табу үшін палітра (тақтайша) немесе оның орнына кішкене жалпақ тарелка тіпті болмаса қалың ақ қағаз пайдаланады. Акварель бояулармен сурет салып отырған кезде тамып кетуі жиі болып тұрады. Сол себепті жағылып жатқан түстің сызықтан шығып кетпеуін және тамып кетпеуін жағын жиі қадағалап отыру керек. Әдетте жұмыс аяқталған соң келесі жұмысқа даяр даяр тұруы үшін тарелканы жуып, он кептіріп қою қажет. Ал қыл - қаламдарды да суға жақсылап шайып, таза құрғақ шүберекпен сүртіп, басон жоғары қаратып, кішкентай вазаның ішіне салып қойған дұрыс.
Жарықтың түстері өзгерту. Затқа қарап отырып сурет салғана заттардың формаларын анықтау жарықтың қандай мөлшерде тусуіне тікелей байланысты.
Жарық неқұрлым мол түсетін болса , зат солғұрлым жарқырап анық көрінедіде, ондағы бояу түстері мол болады. Ал жарық неғұлым аз түссе, зат солғұрлым көмескі көрініп , оның түстері солғын тартады, әрі олар көленкеленіп күрделені түседі. Заттарға түсетін жарықтың мөлшері жарық пен көленкенің ара қатынасына байланысты болып келеді.
Ал гуашь – бояудың бір түрі. Оныда Акварель сияқты қағазға тигізбес бұрын әуелі суға суға езіп лау керек. Бірақ ол акварельдей емес, қа
Ғаз бетіне мөлдіреп түспейді, қалың жағылады. Өткені гуашьтың ақ ұнтақ қосып әзірлейді.
Гуашь масатының бетіндей бітр тегіс жұмсақ болып жағылады. Балалар, әсіресе сәбеилер, осынау айқын да жарқын бояуды өте жақсы көреді. Онымен жұмыс істеу де өте оңай. Егер қағаз бетіне жаққан бояуың ұнамаса , оны үстінен басқа бір түстібояу жағып өзгерте саласың.
Міне , мынау-кішкентай француз баласы Жан Луи салған сурет. Соншалықты айқын ал қызыл, ашық көк бояулардан қуаныш лебі еседі. Кішкентай суретші дүниені дәл осындай жарқын , нұрлы деп түсінеді .
-10-
Акварельмен жұмыс жасаған кезде пайдаланатын қылқаламдар.
-11-
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы
« Академиялық кескіндеме » пәні бойынша
050107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтанының студенттері үшін
Достарыңызбен бөлісу: |