ЛЕКЦИЯ 9
Радиожиілікті трактінің тағайындалуы, құрамы және электрлік параметрлері (пресселектор)
Радиожиілік трактісі сигналдарды радиоқабылдағыш құрылғының антеннасынан аралық жиілік трактісіне беруге және күшейтуге арналған. Радиожиілік трактісі кіріс құрылғысынан және радиожиілік күшейткішінен тұрады.
Қабылданушы жиіліктердің диапазонына байланысты радиожиілік трактісіне әртүрлі талаптар қойылады. Мысалы, радиоқабылдағыш құрылғыныңрадиожиілік трактісінің ультра қысқа толқынды диапазонының радиожиілік күшейткішінің бірінші каскадының кіріс кедергісі жоғары болу керек. Одан басқа, радиожиілік күшейткіштің өзіндік шуының деңгейі қалыпты болу керек, сондықтан радиожиілік күшейткіштің бірінші каскадтарында өзіндік шуы төмен деңгейдегі күшейткіш аспаптар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |