БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі
«Радиоқабылдағыш құрылғылар» пәнінен
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы
Барманбетова А.Н.
Алматы 2010
ЛЕКЦИЯ 1
Радиоқабылдағыш құрылғылардың тағайындалуы және жіктелуі
Р адиоқабылдағыш құрылғы ақпарат тарату жүйесінің радиотолқын энергиясын пайдаланатын бөлігі. Олтаратылушы ақпаратты берілген дәлдігімен шығаруға арналған. Радиоқабылдағыш құрылғы 3 негізгібөліктерден тұрады:
Қабылдаушы антенна
Радиоқабылдағыштың өзі
Шығарушы құрылғы
Антенна электр магнит өрісінің энергиясын жоғары жиіліктің электр энергиясына түрлендіреді. Антенна барлық сигналдарды қабылдайды: пайдалы және бөгеті бар сигналдар. Бөгеттер олар басқа жат сигналдар, олар басқа таратушы құрылғыдан келеді, найзағайлы сигналдар, ғарыштық шағылулар, өндірістік бөгеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |