Радиоқабылдағыштың өзі пайдалы сигналды бөгеттерден бөледі, оны күшейтеді, шығарушы құрылығыға қажетті түрде түрлендіреді.
Шығарушы құрылғы электр сигналды ақпаратқа түрлендіреді. Бір радиоқабылдағышта бірнеше шығарушы құрылғылар болуы мүмкін, егер радиоқабылдағыш құрылғы көпарналы сигналды қабылдауға арналған болса. Кей жағдайда бір ақпаратты бірнеше антеннадан, бірнеше радиоқабылдағыштан және бір шығарушы құрылғыдан тұратын радиоқабылдағыш құрылғы қабылдай алады.
Радиоқабылдағыш құрылғының 4 негізгі қызметі:
Бөгеттерден сигналды бөлу;
Радиосигналды күшейту;
Радиосигналды электр сигналға түрлендіру;
Электр сигналды ақпаратқа түрлендіру.
Бөгеттерден сигналды бөлу радиоқабылдағыштың таңдаулылығы немесе селективтілігі деп аталады.Таңдаушылық қабылданушы сигналдар мен бөгеттердің қасиеттерінің айырмашылығына қарай іске асырылады. Бұл айырмашылықтар қабылдау бағытында, жұмыс істеу уақытында, қабылданушы сигналдың жиілігі, амплитудасы немесе фазасы бойынша және басқа да сипаттамалар болуы мүмкін.
Таңдаушылықтың негізгі түрі – жиіліктік, ол сигнал мен бөгеттің жиілік бойынша айырмашылығын тұтынады. Жиілікті таңдаушылық дегеніміз радиоқабылдағыш құрылғының радиосигнал спектрін оның кірісінде әсер ететін барлық электр магниттік тербелістер спектрлерінен бөліп алу қабілеті. Ол негізінде қабылдағышта іске асырылады. Ол үшін өткізу жолағындағы тарату коэффициенті жоғары фильтрлер қолданылады. Радиоқабылдағыш құрылғы сол фильтр бапталған жиіліктің сигналын қабылдайды.
Антеннаға келетін сигнал амплитудасы бойынша өте аз және онымен түрлендіру жүргізу техникалық тұрғыда қиын, сол себепті ол сигналды күшейту қажет.
Радиосигналды электр сигналға түрлендіру модульдеушіге сәйкес, оны детектрлеу деп атаймыз. Ол детектор деп аталатын құрылығының көмегімен іске асырылады. Детектрлеу үшін детектор кірісіне белгілі бір мөлшерде бөгеті жоқ сигнал беру қажет. Ол ушін күшейткіштер қызмет атқарады.
Күшейткіштер детектордан кейін қосылады, себебі олар сигнал қуатын шығару құрылғысының қалыпты жұмысына дейін күшейтеді.
Барлық жиілік диапазондар ГОСТ бойынша келесідей болады:
Жиіліктер
f (Гц)
|
Толқын ұзындығы (λ)
|
Толқын диапазонының метрлік атауы
|
Жиілік диапазонының атауы
|
Толқын поддиапазон
|
Қысқаша атаулары
|
RU
|
Халықарал
|
3-30кГц
|
100-10км
|
Мириаметр.
|
Өте төмен
|
СДВ
|
ОНЧ
|
VLF
|
30-300кГц
|
10-1км
|
Километрлік
|
Төмен жиілік.
|
ДВ
|
НЧ
|
LF
|
0,3-3мГц
|
1км-100м
|
Гектометрлік.
|
Орта жиілікті
|
СВ
|
СЧ
|
MF
|
3-30мГц
|
100м-10м
|
Декаметрлік
|
Жоғары жиіл.
|
КВ
|
ВЧ
|
HF
|
30-300мГц
|
10м-1м
|
метр (телевиз)
|
Аса жоғары ж.
|
УКВ
|
ОВЧ
|
VHF
|
0,3-3ГГц
|
1м-10дм
|
Дециметрлік
|
Ультражоғары
|
УКВ
|
УВЧ
|
UHF
|
3-30ГГц
|
10-1см
|
Сантиметрлік
|
Аса жоғары
|
УКВ
|
СВЧ
|
SHF
|
30-300ГГц
|
10-1мм
|
Милиметрлік
|
Аса жоғары
|
УКВ
|
КВЧ
|
EHF
|
Достарыңызбен бөлісу: |