Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет39/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

Қатты әсер ететін улы заттар.
ҚӘУЗ- бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын,объектілердегі қираушылық жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.
ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия мұнай өңдеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салдарын, объектілерін, қоймалар, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.
ҚӘУЗ- ды мынадай топтарға бөлуге болады:
а/ тұншықтырғыштық әсері басым заттар;
б/ жалпы улылық әсері басым заттар;
в/ тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;
г/ өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар;
д/ тұншықтырғыш және нейтроптық әсері бар заттар;
е/ заттардың алмасуын бұзатын заттар;
Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар /хлор, фосген,хлорпикрин және басқалар/ жатады, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады.Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді:
1/ затпен байланыс кезеңі
2/ жасырын кезең
3/өкпенің уланудан қабыну кезеңі
4/ асқыну кезеңі
Жалпы улылық әсері басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар /көміртегі тотығы, цианды,сутегі және басқалар/ жатады.
Тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарға,ингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ- дің едәуір бөлегі жатады./амил, акрилонитрил, азот қышқылы т.б/
Нейтропты уларға жүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұйыстыру күйін бұзатын заттар жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару,нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпалдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет