Тұншықтырғыш және нейтроптық әсері бар заттарға ингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар/ аминак, гептил, гидрозин және басқалар жатады.
Заттардың алмасуын бұзатын заттарғагалогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосчылыстар / диоксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар/ жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолымен тері ұлпалар арқылы әсер ете отыра, өте ұзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті.
ҚӘУЗ- бен зақымданған кезде алғашқы көмек шаралары
Аммиак- Зақымданушыны зақымдану ауданынан тезірек алып кету. Кқз бен теріні 10 минут бойы сумен шаю. Киімді ауыстыру.Қараңғы ғимаратқа жатқызу. Көмейдің маңайына қыздырғыш қою. Боржом немесе сода қосылған сүт ішкізу.
Көміртегі тотығы— Зақымданушыны жатқан күйінде тезірек таза ауаға шығару. Тыныс алуға кедергі келтіретін киімді шешу.матамен мүсәтір спиртін ішкізу.
Хлор- Зардап шегушіні таза ауаға шығару. Ылғалдандырылған оттегі беру, соданың 2% ерітіндісімен шаю. Емханаға алып бару.
Радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы көмек. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медециналық көмек, ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі. Халықты радиациядан қорғау: радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық- түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтың ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулелену дозиметрлік бақылауды қамтиды.
Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі.
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және жеке дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериялдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады.
АИ-2 пластмасса қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдардың жиыны. Көлемі- 90*100*20 мм, массасы-130 г.
1.ұя- резервтік, ауруды басатын дәрмектері бар шприц- түкті салуға арналған.
ұя – қызыл түсті пенал. Фосфорлы- органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары.
ұя- үлен ақ пенал. Бактерияға қарсы дәрі- дәрмек.
ұя- алқызыл түсті пенал. Радиациядан қорғау дәрмегі, 12 таблетка.
ұя- екі ақ пенал. Антибиотик дәрілер,10 таблетка.
ұя- ақ түсті пенал. № ІІ радиациядан қорғау дәрмегі,10 таблетка.
7.ұя- көк түсті пенал құсуға қарсы дәрмек,5 таблетка.
Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды.
Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы. Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек. Жеке химиядан қорғайтын пакеттің /ИПП- 8,10/ мақсаты мен құрылысы. Улағыш заттар /УЗ/ химиялық қарудың негізін құрайды.химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды.
УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ –мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан – ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды.
Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті.