Улағыш заттардың жіктелісі
Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
Жүйкені жансыздандыратын УЗ –фосфорорганикалық заттар /ФОЗ/ тобы- зарин, заман,V- газдар;
Жалпы улағыш әсері бар УЗ- көгілдір қышқылы,хлорциан;
Терінің құрысуына әсер ететін УЗ- иприт, люзит;
Тұншықтырғыштық әсердегі УЗ- фосген,дифосген;
Көздің жасын ағызатын және тітіргендіргіштік әсері бар УЗ- хлорпикрин, хлорацетофенонон, адамсит СS /си-эс/ ;
Психологиялық әсер ететін УЗ- ДЛК және BZ /би-зет/ лизергин қышқылының диэтиламиді;
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ /зарин, заман, V- газдар, көгілдір қышқылы/ және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді
УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:
өлімге ұшырайтын-/зарин,заман V- газдар, иприт, люзит, фосген/;
уақытша есті таңдыратын ДЛК,BZ;
тітіркендіретін – хлорпикрин, хлорацетофен, адамсит СS;
УЗ – мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:
-зақымданушыға газқағар кигізу.
— зақымданған аймақтан шығару.
— жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту.
— көзбен аңқаны сумен мұқият шаю, көзді сүртуге болмайды.
— 2-3 минуттың бойында түтіннен қорғайтын қоспамен демалдыру.
Қатты әсер ететін улы заттардың /ҚӘУЗ/ организмді зақымдауы
ҚӘУЗ адам организміне тыныс алу жлдары, қорғалмаған тері, көз ұлпасы, сондай-ақ зақымдалған сумен немесе тамақпен ауыз арқылы өтеді.
ҚӘУЗ қәуіптілік деңгейі – хайуанаттар үшін улылық әсері бойынша 4 сыныпқа бөлінеді:
төтенше қәуіпті;
аса қәуіпті;
орташа қәуіпті;
қәуіпі аз;
ҚӘУЗ – бен зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шараларға мыналар жатады:
зақымдану ошағында химиядан қорғау шараларын жүргізу;
зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті өте қысқа мерзімде көрсету;
зақымданушыларды зақымдану аймағынан көшіруді ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |