Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары


Тірі жүйелер ұйымдасуының сатылама деңгейлері



бет5/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

Тірі жүйелер ұйымдасуының сатылама деңгейлері
Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық—>Жасушалық деңгей —>Ұлпалар мен мүшелер деңгейі —>Организмдік (Особь) деңгей —> Популяциялық (түрлік) деңгей —> Биоценоздық деңгей —> Биогеоценоздық деңгей —> Экожүйелік деңгей —> Биосфералык деңгей.
Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді.
Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады - тропикалық жауынды орман, таулы орман, тундра, тайга, саванна немесе шөлдала. Мұндай өсімдік қауымдастықтарында тек осындай жағдайларға бейімделген жануарлар түрі тіршілік етеді.
Организдердің негізгі тіршілік орталары:
Тіршілік ортасы дегеніміз - кез келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық-ауа, топырақ және организдердің өзі.
Су тіршілік ортасы
Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, яғни 94 % мұхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6 % мәңгі мұздықтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1,5 млн., өсімдіктердің 500 мыннан астам түрлері тіршілік етеді. Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бөлінеді: су қалыңдығы-пелагиаль; судың түбі-бентапь.
Су тіршілік ортасы ретінде бірқатар арнайы қасиеттері бар: су тығыздығы, қысымның өзгеруі, оттегінің құрамы, күн сәулесінің сіңіруі т.б.
Су ортасының мекендеушілерін экологияда гидробиониттар деп атайды.
Су факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топтарға бөледі. Суы қалың қабаты пелагиаль деп, оны екі топқа бөледі- нектон және планктон.
Планктон дегеніміз судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктер. Планктондардың өзі - зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар , г.б. жатады Ал, зоопланктондар бактериялар мен балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаянтәрізділер, қарапайымдар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құртөрізділер жатады.
Нектондар дегеніміз судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар, т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленьдер, морждар, дельфиндер жатады.
Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Теңіздердегі фитобентосты бактериялар мен балдырлар құрайды.
Судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына қарай: гидрофиттер жәие гидатофиттер деп бөледі.
Өсімдіктердің суға деген қатынасына байланысты келесідей экологиялық топтарға бөлінеді:
1) Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда һydor , hydatos- су ) - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады. (элодея, түңғиық гүл және т.б.).y
2) Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда һydor- су) - құрлық - су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ).
3) Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда һydros- ылғалды) - ылғалдығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер) , батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағаларында өседі.
4) Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos- орташа, аралық)- қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақтарты ағаштар, көптеген ауылшаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
5) Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros– құрғақ) - құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді. Суккуленттер, слерофиттер.
а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentus- шырынды)- ұлпаларында суды көп мөлшерде сақтауға қабілетгі өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава).
ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros- құрғақ. қатты) - құрғақшылыққа төзімді, су булануын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл,жантақ, боз селеу).
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:
1 Гидрофилдер - ылғал сүргіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар).
2 Мезофилдер - орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
3 Ксерофилдер - жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен жорғалаушылары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет