Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет50/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

Негізгі бөлім 
Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары.
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.
Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

  • оларды шығару;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.
Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:

  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;

  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;

  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.
Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;

  • арнаулы (жедел);

  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;

  • өрт сөндіру ;

  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

  • осал құрылыстарды күшейту.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;

  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;

  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;

  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;

  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;

  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.
Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі.
Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.
Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.
Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет