Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет51/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

Жарақаттар түрі
Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себеп-тердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механика-лық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.
Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану –бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.
Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы).
Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу — адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.
Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды.
Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету.
Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.
Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.
Жарақаттан естен тану туралы түсінік.
Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.
Естен тану-орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.
Екі кезеңнен тұрады:

  • Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.

  • Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреу басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

Бас жарақаттары.
Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.
Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын (қатты ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады).
Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.
Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық білінеді. 1-2 ден 20-30 ға дейінгі минутта естен айрылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа ұшыратқан оқиға мен жағдайды жадына тез түсіре алмайды. Сырқаттар бастарының ауырғандығына, айналғандығына шағымданады, құсқылары келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық шайқалуы тері жамылғылардың бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей сүлейсоқ, ал кейде керісінше қозушылық байқалады.
Бас сыдырылған кезде ес сақталады, алайда оның төңірегінде ісік болуы мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айныйды, кейде құстырады.
Қатты соққы толқыны әсерінен (жарылыс) адам организмі жалпы контузияға ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда адам ұзақ уақыт бойы есінен айрылады, бас ауырады, көру және есту қабілеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады.
Ауыр дәрежедегі мидың сыдырылуы сананың өте өрескел бұзылуымен сипатталады (ұйқы басу, естен тану).
Ұйқы басқан кезде сырқаттар қоршаған ортаны елемейді, тапсырманы орындамайды, сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты осы күйден дөрекі денені ауыртатын тітіргендіргіштерді қолдану арқылы ғана шығаруға болады.
Мидың қысылуы көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қа жиналған тер астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, содан соң сананың бұзылуы басталады.
Алғашқы медициналық жәрдем. Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет