Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020


Жетісттік тесттері (педагогикалық тесттер, олардың көмегімен білім және іскерлік бағаланады)



бет15/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

1. Жетісттік тесттері (педагогикалық тесттер, олардың көмегімен білім және іскерлік бағаланады).

2. Процесуалдық тесттер (таным поцестерін зерттеу тесттері және интелиектуалдық қабілетті бағалау тестері осы топқа жатады)

3. Күй жағдай тесттері.

4. Жекелік қасиеттерді зерттеу тесттері.

Барлық психологиялық тесттер өз ерекшеліктеріне байланысты жауап варианттарымен, өлшем шкалаламрымен және нәтижесін талдау ережелерімен қамтамасыз етіледі.


Бұл кітапта психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу алдында және барысында пайдалануға қажетті бірнеше әдістемелер жинақталып берілген. Оларды бірінші және үшінші кітаптардағы әдістемелермен қосып пайдалану арқылы зерттелінушінің интеллектуалдық және жеке тұлғалық қасиеттерін толығырақ танып білуге болады.
Жеке тұлғаның типологиялық мінездемесі
Экстраверсилық (I). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған адам көпшіл, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйір, ашық-жарқын, мақсатқа бағытталған әрекеті жүйесіз, басқалардың айтқанына көп алаңдайды, сөзшең, мылжың. Достарының саны шектен тыс көп және таныс балалармен байланыстары үстіртін, маңызсыз болып қалады (танысы көп - нағыз достары жоқтың қасы). Мұндай балалар оқу материалын оқулықтардан меңгергеннен гөрі ойындарда, диалогтық режимде жақсы меңгереді. Олар тентек, күлегеш, сөзшең болып келеді. Дегенмен олар шыншыл, ақ көңіл, көп жерде тапқырлық танытады. Қиын жағдайдан шығу үшін өтірік айта алады, қоршаған ортада өзін жоғары көрсету үшін мақтаншақтық білдіреді.
Спонтанды (II). Бул шкала бойынша жоғары көрсеткіш иелері қалай болғанда да еркіндікке, бастамшылдыққа, басшылыққа, ешкімге бағынбауға, өз пікірін ашық айтуға ұмтылады. Кез-келген еркіндікті қысқан шектен тыс тәртіпке қарсы әрекет жасайды. Бұлар тіл алмайтын балалар, ашушаң, көпшілік мақұлдаған мінез-құлық ережелеріне бағынғысы келмейтіндер және тәртіп бұзушылар. Олар тиым салғандарға бағынғысы келмейді. Осы себептен ішімдікке наркотикке, шылым тартуға қызығушылықтары ерте басталады. Бұл типтегі балалар отбасында немесе мектепте болған конфликт жағдайлары себебінен мектеп ережесін бұзуға, сабаққа себепсіз кешігуге, үйінен қашып кетуге, көше кезіп кетуге әуес болады. Олар бірқалыпты оқымайды, негізінде бай интуициясына сүйенеді, сыбырлап айтқанды да есебін тауып пайдалана алады, яғни естіген кішкене бөлшектерін толық суреттеп беруге шамасы келеді. Мектепте мундай балалар табысты болып келеді, болашақ өздерінің өмірлерінде тапқыр, талапты және батылдық танытып, тіпті болмаған жетістіктерге жетеді, ашылмаған жаңалықтарды аша алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет