Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологиялық кеңес берудің дайындық кезеңіне сипаттама беріңіз.
2. Психологиялық кеңес берудің алғашқы кезеңіне тоқталыңыз.
3. Психологиялық кеңес берудің жұмыс кезеңі қалай жүргізіледі?
4. Қарт адамдарға психологиялық кеңес беру негіздері қандай?
№11. Лекция тақырыбы: Психологиялық түзету және дамыту.
Мақсаты: Студенттерге психологиялық түзетуді қажет ететін ситуациялар, психологиялық түзету жұмыстарының мақсаты, міндеттері және психологиялық түзету жұмысының бағдарламалары туралы білімін жетілдіру.
Лекция жоспары:
1. Психологиялық түзетуді қажет ететін ситуациялар.
2. Психологиялық түзету жұмыстарының мақсаты, міндеттері.
3. Психологиялық түзету жұмысының бағдарламалары.
4. Психологиялық түзету және дамыту.
Лекция мәтіні:
Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу. Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау трениг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатынасушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әр түрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларыға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.
Т-топтары. Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықтады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолданын үйретуге мүмкінішілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.
Т-топтың жетекші ұғымдары: үйрету зертханасы, оқу жолдарын үйрету, «қазір және осы жерде» ұстанымы. Үйрету зертханасының негізгі міндеті қатынасушыларды өздеріне қауіпсіз ортада басқаларға ыңғайлы мінез-құлық көрсетудің жаңа тәжірибесін апробация жасату. «Қазір және осы жерде» ұстанымы бойынша әр адам өзінің өмірінде бұрынғы болған оқиғалар мен сонымен байланысты туған тәжірибесін басшылыққа алмай, қазір болып жатқан жағдайға байланысты мінез көрсетуге үйрету.
Т-топтарының негізгі мақсаты – барлық қатынасушыларға сыйысымды мінез-құлық үлгілерін көрсетіп осы білім мен дағдыны отбасында және қызмет орындарында пайдалану жолдарын үйрету.
И.Д.Ялдың анықтауы бойынша Т-топтарының басым көпшілігіне тән 10 факторды анықтауға болады. Олар:
1. Ұжымшылдық – топтағыларға адамдардың ара қатынастарын нығайуға және ауызбіршілігін көрсетуге мүмкіндіктері бар екеніне сендіру.
2. Ниеттеріне сендіру – топтық процестердің нәтижесінде оң бағаланатын қасиеттерінің орын алатынына, болашақта табысты болуына сендіру.
3. Қорытындылау - әр клиенттің проблемасы тек оның өзіне ғана тән емес, сол сияқты жағдайлар басқаларда да кездесетінін көрсетіп беру.
4. Альтруизм - әр адамға оның басқаларға керекті екендігін сипаттау.
5. Мәлімет беру – жеке тұлғалық ерекшеліктері бойынша және тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктері бойынша мәліметтер беру.
6. Көп нәрсеге көшіру – өзінің теріс эмоционалдық жағдайын жансыз нәрселерге көшіру.
7. Бірін бірі үйрету – топ мүшелерінің эмоционалдық реакциялары мен жаңа мінез-құлық түрлерін апробация жасау ортасын ұйымдастыруы.
8. Тұлғааралық қатынас дағдылары – қатынасушылардың топтық іс-әрекет барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасауға икемділігін тікелей немесе жанама түрде көрсетуі.
9. Иммитациялық мінез – басқалардың мінезін қайталауға және үйренуге құмарлығын қалыптастырып, өзгелерге жағымды мінез көрсету ептілігін нығайту.
10. Катарсис – топтағылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысындағы өздерінің анық айқындаған немесе іштей басып жүрген психологиялық кернеуден шығуға жағдай жасау.
Тренинг барысында жетекші топ мүшелерінің іс-әрекет түрлерін таңдап алуына мүмкіндік беріп, олардың әрқайсысының белсенділігін мадақтап отыруы қажет. Сонымен қатар, топ мүшелері және жетекшісі ешкімге билігін жүргізбестен, әр адамның қалауымен есептесіп отырғаны жөн. Тренинг тобындағы жүргізілетін іс-шаралар мен әр қатынасушының психологиялық проблемалары құпияда сақталып, ешкімнің жан-дүниесіне дақ түсірмейтіндей жағдай жасалуы керек. Топтық тәжірибені жүргізу ережелерін қабылдамаған адамдарды тренингке қатыстыруға болмайды.
Т-топтың жетекшісі барлық қатынасушыларды топ жағдайындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге жұмылдырады. Қатысушылардың әрқайсысы өздерінің келесі коммуникативтік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік алады: өзінің және басқалардың коммуникацияларын талдауға, коммуникациялық сезімнің ерекшеліктерін, басқалардың сөзін тыңдай алуға қабілеттілік, конфронтация түрлерін анықтау.
Т-топтарындағы зерттеулер екі бағытта жүреді:
1) топтық процесстерді зерттеу;
2) топтың әсерлілігін бағалау.
Т-топт үйрету зертханасы ретінде келесі мүмкіндіктері бар:
- Т-топ мүшелерінің әрқайсысы экспериментатор ретінде болуы және эксперимент объектісі болу мүмкіндігі;
- ақиқат өмірде шешімі жоқ мәселелерді шешуге мүмкіндік тудыру;
- топ кездесулерінде қатысушылардың әрқайсысының «психологиялық қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге кепілдік беруі.
Т-топтарының келесі міндеті - әр адамды өз-өзін және өзгелерді танып білуге үйрету. Ол жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады:
- өз-өзін басқаларға таныстыру;
- кері байланыс жасау;
- эксперимент жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |