Мақсаты: Студенттерге практикалық психологтың кәсіби іс-әрекетке дайындығы, психолог маманның кәсіби күйреуін алдын алу шаралары және психологтың міндеттері мен құқықтары туралы білімін жетілдіру.
Лекция жоспары:
1. Практикалық психологтың кәсіби іс-әрекетке дайындығы.
2. Психолог маманның кәсіби күйреуін алдын алу шаралары.
3. Психологтың міндеттері мен құқықтары.
4. Психолог жұмысының уақыттық жүктемелері.
Лекция мәтіні:
Өз-өзін басқаларға таныстыру ( өзін презентация жасау) – топтаң алдында толық ашылу процесі. Өзін таныстыру барысында клиент басқаларға өзінің ерекшеліктерін толық бейнелеп береді.
Кері байланыс барысында қатынасушылардың біреуі басқалардың мінез-құлқы мен қылықтарына өзінің әсерленуін айтып, олардың көрсеткен өрескіл мінез ерекшеліктерін өңдеу мақсатымен талдау жүргізіледі. Бұл әрекет барысында қатынасушылар бір-біріне арнайы белгілер арқылы өрескіл мінезі туралы мәлімет береді. Басқалардың берген «белгі» ескертуі арқылы әр адам өз мінезінің шектен шыққан жерлерін тауып, оны өңдеуге мүмкіндік туады.
Кері байланыс барысында басқалардың мінезіне сын баға беруден көрі оған эмоционалдық реакциямен жауап берген дұрыс болады. Мысалы: «Сен тәртіпсіздік көрсеттің» - деп айтудың орнына «Сен менің сөзімді бөлгеніңде мен саған ренжіп қалдым» - деген ескертудің әсері тереңірек болады және ренжіш туғызбайды.
Кері байланыс барысында қатынасушылардың мінез ерекшеліктерін көпшілігі бірдей бағаласа оның түзетулік әсері арта түседі. Топта жүргізілетін осындай эксперименттер әртүрлі немесе бір-біріне ұқсас жағдайлардан шығудың көптеген варианттарын іздеуге негізделеді.
«Қазір және осы жерде» ұстанымы топпен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың табысты болуының маңызды шарты. Барлық талданған жағдайлар тек қана топта және қазір болып жатқан мәселелермен байланысты болуы керек. Бұрын болған оқиғаларды талдау қатынасушыларды жалықтырып жібереді және жүргізуші «ақылкөйлік» білдіргендей сезім туғызады. Сондықтан нақты тәжірибеде болған және барлығына қатысы бар нәрселерді талдаудың әсері әлде қайда жоғары болады да барлығын қызықтырады.
Т-топқа қатысушыларға өзінің жаңа тәжірибесін ақиқат өмірде пайдалану жолдарын үйрету (қызмет орнында, отбасында т.с.с.).
Т-топтарында пайдаланылатын тәсілдер мен техникалардың көпшілігі конфронтацияға негізделген. Конфронтация – коммуникацияның басқа адамды өзінің қарым-қатынастарын талдауға және өзгертуге шақыратын өте белсенді түрі
Мысалы: «Мен кіммін» жаттығуы.
Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады. Әр адамға бір парақ қағаз Бен қалам беріледі. Жетекші: «1 санынан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз. Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығыңыздар.
Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз. Осы парақты көқкірегіңізге түйреп алып бөлме ішінде жайлап жүріп, өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз, ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз. Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап, топтағылардың барлығы естейтіндей етіп, оқып беруіне болады. Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөліседі.
Достарыңызбен бөлісу: |