Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологиялық кеңес берудің жүйелік тәсілдері қандай?
2. Отбасылық кеңес беру жұмыстары туралы сипаттама беріңіз.
3. Кеңес берудің теориялары мен тәжірибесі туралы не білесіздер.
№15. Лекция тақырыбы: Психологиялық қызмет.
Мақсаты: Студенттерге психологиялық қызмет жайлы түсінік мақсат, міндеті,
психологиялық қызмет іс әрекетінің түрлері және психологиялық қызметтің этикасы туралы білімін жетілдіру.
Лекция жоспары:
1. Психологиялық қызмет жайлы түсінік мақсат, міндеті.
2. Психологиялық қызмет іс әрекетінің түрлері.
3. Психологиялық қызметтің этикасы.
Лекция мәтіні:
Мектепте балаларға берілетін білім мен тәрбиенің тиімділігін арттыру, нәтижелі меңгерілуді психологиялық қызмет жүйесі реттейді. Психологтар бала өміріне қатысты мәселенің бәріне қатысады, бала жасынан жасөспірімдік кезеңге дейін оқушыларды өз қадағалауында ұстайды. Психолог мамандар психодиагностикалық зерттеу жүргізіп, баланың психикалық даму темпін бақылау, мінезінің қалыптасуын қадағалайды, қажет жағдайда баланың тәрбиесіне мен мінез-құлқына қатысты ақыл-кеңес береді, түзету жолдарын ұсынады.
Қазіргі білім жүйесінде баланың интеллектуалдық деңгейін бақылауда, жеке бас мүмкіндіктерін ашуда, қызығушылықтарын оятып, бейімділіктерін ұштауда психологиялық қызметтің орны ерекше. Психологиялық қызметтің негізгі функциясы – баланың психологиялық дамуын қадағалау. Баланың психологиялық дамуы біркелкі емес. Мұндай жағдайда психологиялық жетілу жағынан қатарынан қалыс қалған балаларға көмек қолын созып, психикалық даму тежелісінің себептерін анықтайды. Ол себептер әлеуметтік, физиологиялық және т.б. болуы мүмкін.
Білім жүйесіндегі психологиялық қызметтің басты міндеті – оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыра отырып, балаларды тәрбиелеу және оқыту үрдісін үнемі бақылап отыру. Білім жүйесінің баланың психикалық даму заңдылықтарына, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді ескеруін қатаң қадағалайды. Мұндағы психологтың жұмыс мақсаты – күрделі ғылым бала жасына сәйкес мазмұнда, сол балда жасының ерекшелігіне сай әдіс-тәсілдермен берілуін қамтамасыз етеді.
Мектеп психологы жұмысының негізгі аспектісі психопрофилактикамен байланысты. Психопрофилактика (психологиялық алдын-алу) патопсихология, дефектологиямен тығыз байланысты.
Білім жүйесіндегі психологиялық қызмет балалармен, оқытушылармен, ата-аналармен және білім басқармасымен тығыз байланыс құрайды. Бұл тізбекте психолог педагогтың, психотерапевт пен кеңес берушінің, түзетушінің міндетін атқарады. Эндокриндік немесе жүрек аурулары психогендік сипатқа ие. Психолог осыған қатысты практикалық жұмыспен шұғылдана отырып, аталмыш аурулардың алдын-алу, ауруды болдыртпау жолдарын, кепілдік негіздерін қарастырады.
Жалпы бала дамуын жете түсіну үшін, оларды басқару үшін де білім саласының қызметкерлері де психологияны меңгеруі керек. Психологиялық білім жылма-жыл жаңарып, түрленіп отырады.
Психологиялық қызметтің негізгі қызметі – педагог, дефектолог, әлеуметтанушы, дәрігер, заңгер сияқты өзге сала мамандарымен бірлесе отырып, өзгеше қарым-қатынасты, айрықша назар аударуды қажет ететін психологиялық жетілу жағынан қалыс қалған бала тағдырына қатысты мәселелерді шешу. Даму жағынан кемшік балалар мен дарынды балалар үшін ұсынылатын тапсырмалар, әдіс-тәсілдер мен білім жүйесі алдын-ала медициналық-психологиялық, психологиялық-педагогикалық сараптамадан өтеді.
Психологиялық қызмет көпдеңгейлі, күрделі құрылымға ие. Білім басқармасының жоғарғы органы – министрліктен бастап, мектеп, мектепке дейінгі мекемелерден тұратын жүйені қамтиды. Психологиялық қызмет республика, облыс орталығындағы ғылыми-әдістемелік орталықтың қызметіне де қатысты. Мұндай орталықтарда арнайы мамандандырылған психологтар жұмыс жасайды. Бұл орталықтар балалармен тікелей жұмыс жасамайды, мектеп психологтары арқылы ғана байланысады. Мектеп жасына дейінгі немесе жасөспірімдермен, ересектермен тікелей қарым-қатынаста болатын психологтар кез-келген аудан орталықтарда қызмет жасайды. Қоғам талаптарына сай кейбір психологтар коммерциялық бағытта білім жүйесінен тыс заңды тұрғыдан тәуелсіз де қызмет атқаруына болады.
Қазіргі таңда арнайы мамандандырылған мектеп психологының қызметі негізгі төрт бағыттан тұрады. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |