Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет21/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Психологиялық кеңес беруге кіріспе туралы не білесіз.
2. Психологиялық кеңес берудің тарихы қандай?
3. Қазіргі кездегі психологиялық кеңес беру туралы түсінік беріңіз.
4. Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
5. Кеңес берудің мақсаттары қандай?

10. Лекция тақырыбы: Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.


Мақсаты: Студенттерге  психологиялық кеңес берудің дайындық кезеңі, психологиялық кеңес берудің жұмыс кезеңі және қарт адамдарға психологиялық кеңес беру негіздері туралы білімін қалыптастыру.


Лекция жоспары:
1. Психологиялық кеңес берудің дайындық кезеңі.
2. Психологиялық кеңес берудің алғашқы кезеңі.
3. Психологиялық кеңес берудің жұмыс кезеңі.
4. Қарт адамдарға психологиялық кеңес беру негіздері.


Лекция мәтіні: 
Отбасына кәсіптік әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар – психиатрлар мен психотеропевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделі психоанализ негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
1. Психодинамикалық көзқарас. Бұл топқа М.Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы мен М.Ульрихтің отбасына тиянақты психологиялық көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.
2. Бихевиористік көзқарас. Бұл көзқарас шеңберіндегі нәтижелі кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес, «қалай», «қашан», «қайда», «не» деген қамқорлық көрсетумен шектеледі. Негізін құрушылар Д.Тиболт, Г.Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың, жаза мен ынталандырудың арасындағы теңдік жағдайында болады деген болжам ұсынған.
3. Гуманистік көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің психотерапевтік моделін АҚШ ғалымы Карл Роджерс ұсынған. Ол кеңес алушы проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделген.
4. Психологиялық кеңес берудің моделі. Отбасына психологиялық кеңес берудің моделі В. Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсаты – мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағынан өтуге көмектесу. Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтындай хал-ахуал туғызады, өзінің жекелігі мен тілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай, сонымен бірге басқа да ойлағаны мен тілегін білу, қажеттілігінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Отбасының қиындықтары «осы жерде және қазір» деген жағдайда талқыланады.
5. Құрылымдық моделі. С.Минухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндірілді. Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қалыптастыратын талаптар мен функциялар торабы құрады. Отбасы келесідей жүйеліліктерден тұрады: ерлі-зайыптылар жұбы, олардың ата-аналары, балалары.
6. Кеңес беру моделінің стратегиясы. Кеңес берудің бұл моделі Дж.Галлей, адамдар өздерінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары шеңберінде өзін-өзі қисынды ұстау туралы ережелерінен туындайды. Көзқарасы жүйесінің құрылымы – бұл дүние, басқа адамдар, өзі туралы қорытындылардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет