Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет100/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Алдын алу жолдары: ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 қаңтардағы «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы № 8 қаулысы және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысына (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 12.02.2013 ж.) енгізілген өзгерістер негізінде АКДС вакцинасының орнына АбКДС енгізілді, құрамында көкжөтелдің жасушасыз (бесклеточный компонент) компоненті, реактивтілігі төмен, бірақ иммундық қабілеті жоғары екендігін әлемнің 54 елінде дәлелденген, сонымен қатар 12 жаста жасалынатын АД-С вакцинасы алынып тасталынып, мүлдем салынбайды.
Арнайы профилактика – АбКДС, АДС-м, АД-м вакинацияларының күнтізбеге сәйкес 0,5 мл бұлшық етке егіп отыру.
2 айлығында – АбКДС1
3 айлығында – АбКДС2
4 айлығында – АбКДС3
18 айлығында – ревакинация АбКДС
6-7 жасында – АбКДС
16-17 жасында – АДС-М
Әр 10 жыл сайын, 26, 36, 46, 56 жаста АДС-М егілу керек.
Жалпы шаралар: ауруға күдік пайда болысымен, баланы стационарға жатқызып, оңашалау; қарым-қатынастағыларды бақылауға алып, бактериологиялық тексерістен өткізу, қажет болған жағдайда профилактикалық ем тағайындау: алты жастан кейін 1200000 ед. 1 рет бұлшық етке бициллин -5 егу; пенициллин тобындағы антибиотиктер жақпаса, ауыз арқылы эритромицн 40 мг/кг/тәулігіне 4 ретке бөліп, 7 күн бойы; немесе ровамицин 150000 ХБ/кг тәулігіне 2 рет ауыз арқылы ішу, курсы 5-7 күн; қарым-қатынастағыларға екпе жүргізу: бұрын екпе қабылдамағандарға, екпе алғаны жайлы құжаттарында белгісі жоқтарға, соңғы екпеден кейін 5 жыл уақыт өткендерге; ошақта дезинфекция жасау; СЭС-ке жедел хабар жіберу, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
Менингококкты инфекция.
Менингококтық инфекция клиникалық айқындалуы әртүрлілікпен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы менингокок сыртқы ортада тұрақсыз. 37ºС төмен көтере алмайды, ал 50º C болса 5 минуттан артық өмір сүрмейді. Ылғалды жерде жақсы сақталады.
Эпидемиологиясы:
1.Аурудың көзі ауру адам немесе қоздырғыш тасымалдаушы.
2.Таралу жолы – ауа сілекей арқылы.
3.Төзімділік –1 жасқа дейінгі балалар.
4.Маусымдылық – қыс, көктем.
5.Иммунитет- тұрақсыз.
Аурудың даму механизмі-қоздырғыш ауа тамшылы жолмен жұтқыншаққа жетіп аурудың түрлерін туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет