Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Ревматизмнің жүректен тыс формаларына



бет55/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Ревматизмнің жүректен тыс формаларына буындардың зақымдануы – ревматизмдік полиартрит, кіші хорея, тері және ішкі ағзалардың зақымдануы жатады. Полиартрит кезінде ауру буындардың қатты ауыруына, ісінуіне, олардың үстіндегі терінің қызаруына ұласады, қол-аяқтың үлкен және ұсақ буындары зақымданады.
Ревматизімдік полиартрит көп буындардың зақымдануы, симметриялылығы, «өткіншілігі» (қабынып ісінудің, тез пайда болуы мен жойылып кетуі), тұрақты деформация болады. Кіші хорея кезінде мінез-құлқы өзгереді, жылауықтанып, күйгелектене береді, гиперкинез, гипотонус, координацияның өзгеруі,өздіктерінен тамақ іше алмайды, жазуы өзгеріп кетеді. Ревматизмнің асқынған фазасында буындардың жаппай зақымдануы салдарынан ревматизм этиологиясы бар нефрит, гепатит дамуы мүмкін. Балалардағы ревматизмге қоса терінің әртүрлі бөртуі жиі кездеседі. Аннулярлық эритема немесе есекжем сияқты бөрту дағдылы деп саналады. Ревматизм ауыр болған жекелеген жағдайларда буындар маңайында бітеу жаралар – үлкендігі тарыдай және бұршақтай ревматизмдік түйіншектер (гранулемалары) аңғарылады.
Лабораториялық диагностика: жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы,. Биохимиялық қан анализінде диспротеинемия, С-реактивті белок анықталады, фибриноген, серомукоид жоғарлайды. Стрептококқа қарсы антиденелердің титрінің жоғарлауы, көмейден А тобының стрептокогі анықталады.
Аурудың диагнозын қоюда 2003 жылы ревматологтар ассоциасиясымен модификацияланған Киссел-Джонсон критерилері қолданылады.


Үлкен критерилер

Кіші критерилер

А-стрептококті инфекцияның болғандығын растайтын мәліметтер

кардит
артрит
хорея
сақина тәрізді эритема
ревматизмдік түйіншектер

Гипертермия
Артралгия
Лаб-қ ЭТЖ-ның жоғарлауы, СРБ.
ЭКГ-де: P-Q интервалының ұзаруы
ЭХО-КГ-митаральдық және/немесе аортальдық регургитация белгілерінің болуы

Көмей жағынынан алынған позитивті А-стрептококкті культура
немесе А-стрептококкті антигенді тез анықтау тесттің оң болуы
АСЛО, анти-ДНК-аза В стрептококқа қарсы антидененің титрінің жоғарлауы

Екі үлкен немесе бір үлкен, екі кіші критеридің болуы және А-стрептококті инфекцияның болғанын растайтын мәліметтің болуы ревматизмнің болу мүмкіндігінің жоғары екенін көрсетеді.


Емі: Емді сатылы түрде ауруханада, емханада, санаторийде, үнемі диспансерлік бакылаумен жүргізеді.
Ауруханада (стационарда) емдеу кешенді түрде жүргізіледі: а) төсекте ем гимнастикасы, I қимыл қозғалыс режимдерін тағайындау; б) дері-дәрмекпен емдеу; в) созылмалы инфекция ошақтарын емдеу.
Төсек дағдысының ұзақтығы патологиялык құбылыстың белсенділігіне және жүрек зақымдарының дәрежесіне сай тағайындалады.
Тамақтың құрамында белок, витаминдер, микроэлементтер жеткілікті болуы керек. Ал, егерде қанайналысы бұзылса, ас тұзы азырақ, жеміс, тәтті тағам-дар, құрамында калий көп көкөністер тағайындалады.
Медикаменттік ем үш бағытта жүргізілуге тиіс. Олар - стрептококке қарсы, қабынуды және иммундық патологияны басуға бағытталуы керек.
Науқас баланы алғашқы 4 аптада пенициллин қатарындағы препараттармен (пенициллин, оксациллин) емдейді, оларға аллергия болғанда эритромицинмен емделеді. 2 аптадан соң бициллин-5 мектепке дейінгі балаларға 750000 Ед 10 күнде 1 рет, мектеп жасындағы балаларға 1500000 Ед 3 аптада 1 рет жасалады.
Негізгі (базисті) медикаменттік ем ретінде ацетилсалицил қышкылы (аспирин) колданылады. Оның қабынуға карсы, ауырғанды басатын, қызу түсіретін және антиагреганттык касиеті бар. Стероидтты емес қабынуға қарсы препараттар (индометацин, вольтарен (диклофенак) қодданылады. Ревматизмнін жоғары дәрежедегі белсенділігінде және көлемді жүрек қабынуы кездескенде стероидтық емес дәрілермен коса глюкокортикоидтар (преднизолон) жиі тағайыңдалады. Ревматизмнін баяу өтетін түріңде жоғарыда көрсетілген дәрілерден ойдағыдай көмек болмауы мүмкін. Осындай жағдайда хинолин дәрілері (резохин, хлорохин, де-лагил, плаквенил) қолданылады.
Ревматизмді емдеу жолында созылмалы инфекция ошақтарын (кариесті тістер, тонзиллит, фарингит, гайморит) жоюдың манызы зор, өйткені олар ревматизмнің қайталануына тікелей әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет