9.3. тақырып. Жүректің туа біткен ақаулары. Жүректің қан жолы тетіктерінің зақымдануын жүректің ақауы дейді. Бұл зақымданудың нәтижесінде жүректің негізгі қанды айдау қызметі бұзылады. Жүректің ақауы туа бұрын және кейіннен пайда болуы мүмкін. Мысалы, ревматизм атакаларынан кейін. Жылына біздің елімізде 40 000-ға жуық нәресте жүрек ақауымен дүниеге келеді.
Туа болған жүрек ақауларының себептері: 1. Аяғы ауыр әйелдің жүктіліктің бірінші 3 айында жұқпалы вирустық
аурулармен ауыруы (тұмау, қызылша, қызамық т.б.)
2. Жүктіліктің бірінші жартысының токсикозы.
3. Маскүнемдікке салыну, темекі шегу.
4. Тұқым қуалаушылық.
5. Жиі түсіктер мен аборттар.
Аурудың клиникасы: Ақауы бар жүректің өз қызметін орындауына байланысты жүрек ақауынкомпенсацияланған және компенсацияланбаған деп бөледі.
Компенсацияланған ақауларда-ақау кішкене. Сондықтан жүрек өз қызметін толық орындайды, сырттан қарағанда бұл балаларда қан айналымының бұзылуы көрінбейді, тек тыңдағанда жүректе шу айқындалады.
Декомпенсацияланған ақауларда-жүректегі ақау үлкен немесе ақау бірнеше, сондықтан жүрек өз функциясын толық орындай алмайды, қан айналымы бұзылады, балада декомпенсация симптомдары пайда болады:
Терінің көкшілдігі (цианоз).
Ентікпе.
Тахикардия.
Тыңдағанда – жүректе дөрекі шу естіледі, бұл шу жауырын, қолтық астында да естіледі.
Баланың кеудесінде көгеріп вена тамырлары шығып, жүрек тұсында дөңес пайда болады.
Бала өсу жағынан өз құрдастарынан артта қалады (бойы, салмағы).
Организ төзімділігі төмендеп, бала жиі ауырады-өкпе қабынуымен, әртүрлі жұқпалы аурулармен.
Туа жүрек ақауы бар балалар отырып, жатып ойнағанды қалайды, кей кезде мәжбүрлі қалып қабылдайды: екі тізесін қолдарымен құшақтап алдына қарай еңкейіп жүресінен отырады.
Жүректің зақымдану дәрежесіне байланысты туа болған жүрек ақаулары жәй (моноақаулар) және құрастырылған (күрделі) ақаулар болып бөлінеді. Моноақаулар: Боталлов ағымының бітелмеуі, құлақша аралық перденің ақауы, қарынша аралық перденің ақауы.
Күрделі ақаулар: Фалло ауруы-Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы. Мысалы: Фалло тетрадасы-өкпе артериясының стенозы, қарынша аралық перденің ақауы, аорта сол және оң қарыншадан шығады, оң жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдауы.
Күрделі ақаулар әрқашан декомпенсацияланған болады.