Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет94/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Алдын алу жолдары. Қызамыққа қарсы арнайы профилактика жүргізілмейді. Жалпы шаралары: ауру балаларды бөртпе шыққаннан бастап 5 күнге, жүкті әйелдерді 18 күнге дейін оңашалау. Қызамыққа қарсы арнайы профилактика қызылшамен бірге жүргізіледі (кестеге сәйкес). Болжам. Асқынулар болмаған жағддайда ем нәтижелі.
Көкжөтел (коклюш)
Көкжөтел (коклюш) – ұстамалы жөтелмен сипатталатын, балалардың өткір жұқпалы ауруы. Ертеректе көкжөтел қызылшадан кейінгі балаларда жиі кездесетін ауру еді және ауыр түрде өтіп, асқынуларынан балалар өлімі де жиі болатын. Арнайы егу жұмыстарын жүргізумен, емдеу шараларының жақсарғандығымен байланысты аурудың ауыр түрлері және ауыр асқынулары қазіргі кезде өте сирек кездеседі. Көкжөтел қоздырғышы – Борде-Жангу таяқшалары, 1906 жылы осы таяқшаларды ашқан ғалымдарының атымен аталады. Таяқшалар қоршаған ортада төзімсіз.
Эпидемиологиясы. Ауру көзі – ауру адам, 25-30 күнге, кейде 2 айға дейін жұқпалы болып табылады. Таралу жолдары – ауа-сілекей арқылы, ауру бала жөтелген кезде қоздырғыштар ауаға тарайды. Көкжөтелдің жеңіл түрлері қауіпті, өйткені көкжөтел ауруы екенін ажырату қиын болады да, ауру бала оңашаланбай, айналасындағыларға жұқтырып жүргені байқалмай қалады. Ауруға бейімділік бала туылғаннан бастап жоғары, сондықтан ауыратын балалардың негізгі көпшілігі ерте жастағы балалар болып табылады.
Патогенезі. Көкжөтел қоздырғышы жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерде 5-6 аптаға дейін сақталады. Өзінен улы эндотоксин бөліп, олар жөтел рецепторларын тітіркендіреді, орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Сондықтын да, жоғары тыныс жолдарында катаральды өзгерістер онша күшті болмағанмен, жөтел күшті болады, ұстамалы жөтел түрінде баланы өте қатты қинайды.
Клиникасы. Жасырын кезеңі 5-14 күнге созылады. Катаральды кезең 1,5-2 аптада өтеді. Баланың жалпы жағдайы алғашқыда өзгермейді, сол себепті, әлсіз сирек жөтел, тыныс жолдарындағы катаральды өзгерістер байқалмай қалады. Осы кезеңнің аяғына қарай жөтел күшейе түседі, бірақ көкжөтелге тән белгілер әлі де білінбейді. Ұстама жөтел кезеңі 3-4 аптаға созылады. Бұл кезеңде көкжөтелге тән негізгі белгі – ұстама жөтел байқалады. Жөтел ұстамасының тәулік ішіндегі жиілігіне қарай аурудың ауырлығы анықталады. 1-ші дәреже, жеңіл түрінде-ұстама тәулігіне 15-25 рет; ал 3-ші дәреже, ауыр түрінде – ұстама тәулігіне 30-60 рет қайталанады. Ұстама жөтел кезінде баланың беті қызарып, мойын қан тамырлары білеуленіп, ісініп кетеді; көзі қанталап, тілі ауызынан шығып, жөтел соңында қою, созылмалы қақырық тастайды. Өкпеде эмфизематозды өзгерістер, құрғақ және ылғалды сырылдар пайда болады. Жүрек жұмысы әлсірейді: тахикардия байқалады және қан қысымы жоғарылайды. Көкжөтелдің кішкентай балаларда өту ерекшелігі – кішкентай балаларда реприздер болмауы мүмкін. Жөтел ұстамасы кезінде олар қатты қызарып, соңынан көгеріп кетеді. Кейбір жағдайда баланың дем алысы тоқтап қалуы, елірме басталуы мүмкін. Жазылу кезеңі – 1-3 аптада өтеді. Бірітіндеп ұстама жөтел азайып, әсерілейді, баланың жалпы жағдайы жақсарады. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз 17х109/л – 25х109/л, лимфоцитоз анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет