Пердебай Айшұға Клиникалық жағдай Бала, 10 айлық, ауыр жағдайда – жөтелу, айқын әлсіздік, айқын бұлшықет гипотониясы бойынша қаралды. Бала нефропатиямен өткен, алғашқы жүктілікте, шала туылу бойынша туылған. Анасы жүктіліктің алғашқы 7 айында Солтүстік аймақта тұрып, негізінен консервіленген тағамдармен қоректенген. Бала 2 айға дейін ана сүтімен және 2 айдан соң бейімделген жасанды тамақпен қоректенген. 3 айлық кезінен бастап негізіне ботқамен қоректенген. Бала жиі түрде (әр 2 ай сайын) ЖРВИ-мен ауырады, таза ауада сирек болады. Ауру мазасыздық, тершеңдік, бұлшықет гипотониясы байқалған кезде, 1,5 айлықта басталған. Бала психо-моторлық дамуы бойынша кешігуде, екі апта бұрын қайтадан ЖРВИ-мен ауырған.
Қаралу кезінде: дене температурасы 37,4°С. Бала отыра да, тұра да алмайды. Дене массасы 8200 г, бойы 71 см. Тері жамылғысы құрғақ, ақшыл, ауыз шырыштары ақшыл. Тістері - 0/2, тіс түбі деңгейінде сынған, эмальдері ақаулы. Басында маңдай және желке жақ бөлігінде айқын төмпешіктер болуымен «олимпиялық маңдай» ерекшелінеді. Кеудесі деформацияланған – «тауық кеуде». Баланы отырғызу кезінде оның омыртқасының деформациясы (кифоз) байқалады. Аяқтары: майысқан Х-тәрізді пішінді. Оң аяғы 1-1,5 см сол аяқтан қысқа. Кеудесінің төменгі апертурасы айналған. Асқазаны жайылыңқы, бос. Тынысы шулы, демі созылыңқы. Аускультациясы: қатаң тыныс алу фонында – құрғақ ысқырушы қырылдау. Тыныс жиілігі (ТЖ) – минутына 36. Жүрек аймағының шектері ұлғаймаған. Аускультациясы: жоғарыда және V нүктесінде үрлеуші систологиялық шу. ЖСЖ – 136 соққы/мин. Бауыры +4 см қабырға жиегінен шығыңқы. Көкбауыры қабырға аймағынан +2 см шығыңқы. Дефекациясы күнара, «құмалақ». Жүйке-психикалық дамуы: төмен, айналасына, ойыншықтарға қызығушылығы байқалмайды. Сөйлеу дамуы кешіккен.
Қанның жалпы анализі:Hb - 100 г/л, Эр - 3,5х1012/л, Лейк - 7,5х109/л, п/я - 2%, с - 31%, э - 1%, л - 63%, м - 3%, СОЭ - 10 мм/сағ.
Несептің жалпы анализі: мөлшері - 40,0 мл, салыстырмалы тығыздығы – 1,012, лейкоциттер - 2-3 п/з, эритроциттер - жоқ.