Зәр шығару жолдарының АФЕ. Бүректердің массасы салыстырмалы үлкен, төмен орналасқан. Бүйрек лоханкалары мен несепағар кең, бұшық ет пен эластикалық тіндердің аздығынан гипотониялы болып келеді. Несепағар иректенген. Осы ерекшеліктері қабыну процессінің тууына жағдай жасайды. Қуық жағңа туған нәрестеде жоғары ораналасқа. Толған кезде кіндік тұсында пальпацияланады. Кілегей қабығы нәзік, , бұшық ет қабаты мен эластикалық тіндер әлсіз дамыған. Жаңа туған нәрестенің қуығының мөлшері 50 мл-дей, 1 жаста-200 мл-дей, 8-10 жаста-800-900 мл-дей болады. Зәр шығару каналы жаңа туған кезде ер балаларда 5-6 см, қыз балаларда 1-1,5 см болады. Қыз балаларда уретраның кең және анальды тесікке жақын орналасуы зәр шығару жолдарына инфекцияның өтуіне қолайлы жағдай туғызады.
Эндокрин жүйесінің АФЕ. Эндокрин жүйесі оорганизмнің өсуі мен дамуын реттейді. Эндокрин жүйесіне гипофиз, эпифиз, қалқанша без, ұйқы безі, қалқанша маңы безі, тимус, жыныс бездері, бүйрек үсті безі құрайды. Гипофиз. Жаңа туған кезде секреторлық белсенділігі жоғары. Гипофиз қалқанша без, бүйрек үсті безі, жыныс бездерінің жұмысын реттейді. Эпифиз балаларда салысытырмалы үлкен. Ол жыныстық циклді, лактацияны, су-электролиттік және көмірсулар алмасуына әсер ететін гормон бөледі. Қалқанша без толық жетілмеген. 6 жасқа дейін қалыптасады. Қалқанша маңы безі балаларды мөлшері кішкентай. Паратгормонды синтездейді. Ол Д витаминімен бірге фосфор-кальций алмасуын реттейді. Тимус жаңа туған балаларда мөлшері үлкен. Оның мөлшерінің үлкеюі 12 жасқа дейін жүреді де, әрі қарай кері дамып, кішірейеді. Тимус иммунитеттің орталық органы болып табылады. Бүйрек үсті безі салыстырмалы ірі болып келеді. Қыртысты қабаты 60-тан астам биологиялық белсенді заттар мен гормондарды бөліп шығарады. Ми қабаты юалаларда толық жетілмеген. Ұйқы безі ішкі және сыртқы секреторлық функция атқарады. Жаңа туған кезде салмағы 4-5 г, жыныстық жетілу кезіне дейін 15-20 есес өседі.ұйқы безінің гормондары инсулин және гюкогон. Туғун кезде бұл бездің секреторлық белсенділігі жеткілікті болады.Жыныс бездері. Оларға аналық және аталық бездері жатады. Бұл бездер жыныстық жетілу кезінде белсенді қызмет ете бастайды. Жыныс мүшелерінің дамуына әсер етіп, екінші жыныстық белгілердің дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |