Қан айналу жүйесінің АФЕ. Жүрек балаларда салыстырмалы үлкен. Балалның алғашық апталарында құрсақтаық қан айналудың ерекшеліктері (жүректің оң және сол жүрекшелер арасында овальды тесік, артериальды өзек, кіші қан айналу шеңберінде артериоло-венулярлы анастомоздар) сақталуы, кейбір жағдайларда қан ағысының бағытының өзгеруі және артериялық пен венозды қанның араласуы болады.қан тамырлар салыстырмалы кең, венаның саңылауы артерияның саңылауына жақын, тек 15-16 жасқа жақындағанда венаның саңылауы артерияға қарағанда 2 есе кең болады. Капилярлар өте жақсы дамыған. Өткізгіштегі ересектерге қарағанда жоғары. Капилярлардың кең әрі көп болуы балаларда пневмония, остеомиелит сияқты аурулардың жиі болуынтүсіндіреді. Пульс балаларда жиі, жүрек соғысының жылдам болуымен байланысты.
Артериальдық қан қысы балаларда төмен. Ол сол жақ қарыншаның көлемі кішкентай, артерия қабырғаларының кең әрі эластикалығымен байланысты. Жаңа туған балада АҚҚ систололық 65-85 мм.с,б.б. 1 жастағы артериялық қан қыысымы шамамен мына формула бойынша анықталады 80+2n, n-баланың аймен берілген жасы, 80 орташа систололық қысым.
Ересек балаларда 100+ n, n-баланың жасы. диастолалық қан қысымы систололық қан қысымының 2/3 немесе ½ тең.