Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Жаңа туған нәрестелердегі сепсис



бет24/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Жаңа туған нәрестелердегі сепсис
Сепсис- біріншілік немесе екіншілік иммунодефицит фонында өтетін, бактериальды инфекцияның жайылған (генерализацияланған) түрі.
Этиологиясы: ауру жұқпалы қабыну ошақтарынан микроорганизмдердің қанға гематогенді және лимфогенді жолдармен үздіксіз немесе жиі түсіп тұруына байланысты. Сепсисті әртүрлі микроорганизмдер қоздыруы мүмкін, бірақ соңғы жылдары жиі кездесетіні стафилококктық инфекция болып жүр.
Нәрестелерде сепсистің дамуына себепші факторлар болып:

  • Анасының жүктілік кезіндегі генитальдық және экстрагенитальдық аурулары патологиялары);

  • Ұрықты құрсақ ішілік инфекциялануына әкелетін жағдайлар (қағанақ суының ерте кетуі, сусыз кезеңнің ұзақ болуы, анасында жүктілік кезінде инфекциялық қабыну ауруларының болуы);

  • Нәресеге емдеу-диагностикалық шаралар жүргізу кезінде;

  • Нәрестеде әртүрлі инфекциялық ошақтың болуы:

Жұқпалы аурулар көбіне кіндік жарасы, кіндіктің қан тамырлары, терінің жарақаттануы, тыныс жолдарының шырышты қабықтары, ас қорыту аппараты, көздің дәнекер қабығы арқылы енеді. Инфекциялар енген жерде дағдылы іріңді қабынулар: омфалит, пиодермия, орташа іріңді ісік, конъюктивит және басқалар бел алады. Енген жеріне қарай инфекциялар сепсистің кіндік, тері отоген формалары және басқалар болып бөлінеді.
Клиникасы: Интоксикация симптомдары. Баланың қозғалысы енжар, емуі нашарлайды, тері түсі сұрланып, құсу, ішінің кебуі, салмағын жоғалту, дене қызуы жоғарлауы байқалады. әрі қарай ОНЖ-нің қызметі тежеліп, адинамия, гипотония, сору және басқада рефлекстер төмендейді. Тыныс алу функциясының бұзылумен (ентігу-ТЖ-60 рет мин және жоғары, қатқыл тыныс, крепитацияланған сырылдар), бірақ өкпеде рентгенологиялық айқын өзгерістер болмауы мүмкін. Қан айналысы мен микроциркуляцияның бұзылуы (тері түсі сұрғылт, мрамор түстес, акроцианоз), жүрек тондары тұнық, ырғақсыз, жүрек шектерінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия, тері асты май қабатының ісінуі, бүйректер жағынан өзгерістер (олигурия, протеинурия, гематурия, лейкоцитурия), асқорыту жүйесі жағынан (құсу, метиоризм, іш өту) байқалады. Сонымен қатар сарғыштықтың толқын тәрізді және ұзаққа созылуы, анемия, дистрофия белгілері тән. Кейбір нәрестелерде ДВС-синдромның белгілерімен (петехиальды бөрітпе, мелена, қан құсу, кіндіктен, кілегей қабықтан қан кету) жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет