Автор:
Коптенова Нурсулу Мухтаровна
Пән: Биология
Сынып: 9-сынып
Бөлім:
Қоректену
Тақырып: Активті және пассивті тасымалдаудың ұқсастығы мен айырмашылығы
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
9.1.3.1 - пассивті және активті тасымалдауды салыстыру;
Сабақтың мақсаты:
Жасуша мембранасы арқылы өтетін заттарды білу;
Белсенді тасымал мен енжар тасымалды ажыратып, салыстыру. Белсенді тасымал мен енжар
тасымалдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.
Белсенді тасымал мысалы фагоцитозды талдау;
Тілдік мақсаттар:
Пәндік лексика мен терминология:
Диффузия, осмос, белсенді тасымал, енжар тасымал, фагоцитоз, пиноцитоз, эндоцитоз, экзоцитоз.
Талқылауға арналған тармақтар:
Мембрана арқылы заттар тасымалының әртүрлі типтерінің қызметін талдау.
Бағалау критерийлері:
• Жасуша мембранасының құрылысының тасымалдауғабайланысты ерекшеліктерін табады.
• Мембрана арқылы өтетін заттарға түсінік береді.
• Жасуша мембранасының электр зарядының қызметін зерделейді.
• Белсенді және енжар тасымалды ажыратады, салыстырады,сипаттайды.
• Белсенді және енжар тасымалдың ұқсастықтары менайырмашылықтарын кестеге қарап,
талдайды.
Құндылықтарды
дарыту:
«Мәңгілік Ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Пәнаралық байланыс:
Физика – диффузия және осмос
Бастапқы білім:
9.1.2.4 - өттің әсерінен майлардың эмульгациялануын зерттеу