Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет28/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Емдеу:
1 Этап- балалар ауруханасының жаңа туған бала аурулары бөлімшесінде 1,5-2 ай өткізіледі.
Витамин "С", құрысып-тырысқанда -диазепам ерітіндісін, ісікті басу үшін – Mg Su 25% ерітіндісін бұлшық етке, көктамырға – глюкоза 20% - гемодез, полиглюкин, СЗП, витамин В -1,В-6, гидрокорбонат Nа ерітіндісін.
2- Этап- балалар емханасында учаскелік дәрігермен, нерв жүйесі дәрігері, психиатр, емдеу, дене тәрбиесі дәрігерлерінің бақылауымен ұзақ өткізіледі( диспансеризация)
Күтімі асфиксия сиякты.
3.Нәрестенің гемолитикалық ауруы

Негізінде эритроциттердің қабықшасының жарылып олардың ішінен билирубиннің қан плазмасына өтуі (анықтама)


Себептері:
1. анасымен баласының қандарының резус факторларының келіспеуі: анасының қанында Rh жоқ (Rh-) ал, баласының қанында Rh бар (Rh+). 1940 жылда Ландштейнер мен Винер 85 адамдардың эритроциттында резус Rh+ факторын бар екенін ашқан, ал 15 адамдарда жоқ (Rh-).
2. анасы мен баласының қандарының қан топтарының келіспеуі.
Мысалы: Анасының қаны I группа, ал баласының қаны II- III-IV группа.
Тіке емес билирубин у деп саналады, яғни ол бауырдың нерв клеткаларын зақымдайды. Егерде тіке емес билирубин көбейіп кетсе (300-340 мкмоль-к орталық нерв жүйесі зақымданып, билирубиннің энцефалопатия дамиды).
Белгілері 3 түрге бөлінеді:
А) анемиялық түрі:
Баланың терісі, шырышты қабықтары боз, бала сәл солғын, Нв және эритроциттердің мөлшері азаяды. Бауыр мен талақ ұлғайып, билирубин көбейеді.
Емдеу: Симптоматикалық
Б) сарғыш түрі – туғаннан кейінгі бірінші сағаттарда 1- аптаға дейін баланың терісі, көзінің ақ қабығы шырышты қабықтары сарғайып кетеді, бала солғын, қанның анализінде тіке емес билирубиннің мөлшері көбейген. Балалар әлсіз, ұйқысы келеді, физиологиялық рефлекстер төмен.
Емдеу – қан алмастыру операциясын өткізуді қажет етеді, кіндік венаға қан алмастырудан кейін дезинтоксикалық терапия, плазма, альбумин-15мл/кг, глюкоза, АТФ, вит С, В-6, В-12.
Плазма құяды, АТФ, аск қышқылы, вит В-6, В-12, Mg Su.
В) ісікті түрі – баланың денесі сарғыш, өте боз және ісіп кеткен. Бұндай балалар туғаннан кейін көп өмір сүрмей тез өледі, немесе іштен өледі. Бауыр мен талақ ұлғайған.
Күтім ерекшеліктері:
1. Донорлық сүтпен қоректендіру
2. Сұйықтықтарды көп ішкізу
3. Бас жағын төсекте көтеріңкі жатқызу
4. Дәрігерлердің нұсқауларын уақтылы бұлжытпай орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет