Диагностика. Зәр анализінде көп мөлшерде лейкоциттер (көру аймағында 6-8 лейкоцит) және бактериялар анықталады. Қан анализінде лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылайды (25-40мм сағатына). Несепті Аддис-Каковский (несептің тәуліктік мөлшеріндегі лейкоциттің көбеюі), Нечипоренко (1 мл несептегі лейкоциттердің көбеюі), зәрді бактериологиялық зерттеу, УДЗ (түбекше-табақшалардағы өзгерістер) диагнозды дұрыс табылуының диагнозды растау үшін зор маңызы бар.
Емдеу: Аурудың инфекциялық табиғатына пиелонефриттің ұзаққа созылатына байланысты баланың стационарға болған күндерінен бастап-ақ антибактериялық және қабынуға қарсы терапия жүргізу керек.
Пенициллин қатарынан препараттары жартылай синтетикалық препараттар (оксациллин, ампициллин, эритромицин, ампиокс, цефазалин, дефитоксин) қолданылады. Антибиотиктер алғашқы 10-14 күндей енгізіледі, одан соң препараттарды ауыстырады.
Сулфаниламидтік препараттарды 3-4 күннен үзіліс жасап, 7-8 күн циклмен пайданылады. Нитрофуран өнімдері: фурагин, фурадонин, фуразолин тағайындалады. Нафтирадиннің өнімдері налидикс қышқылы (неграль, невиграмон, анамедиксин) олар 2-3 апта бойы пайдаланылады. Арасына 10 күн салып, 2 апта циклмен нитроксолин пайдаланады. 1-1,5 ай бойы антибактериялық дәрі-дәрмектер, қалған уақытында шөп тағайындалады. Келесі 3 айда ай сайын 2 апта бойы химиялық препараттар, қалған 2 апта ішінде шөп тағайындалады. Ремиссияға жеткеннен кейін одан кейінгі 3 айдың әр қайсысында химиялық препараттар қолдану 10 күнге дейін қысқартылып, шөптермен емдеу ай сайын 2-3 рет аптаға дейін ұзартылады. Жедел пиелонефритпен ауырған балалар 5 жыл, созылмалы пиелонефритпен ересектер емханасына өткенге дейін «Д» есепте тұрады. Науқас жазылған соң алғашқы 6 айда зәр анализін 1 айына 1 рет, кейін 3 айда 1 рет, кейін жылына 2 рет. Санаториялық-курорттық емдер енгізу керек.
Алдын алу. 1. Диета, 2. Салқын тиюден сақтау. 3. Инфекциялық ошақты санациялау.
Гломерулонефриттер
Гломерулонефриттер - негізіне бүйрек шумақтарындагы иммумды қабыну салдарынын дамитын ауру (инфекциялық-аллергиялық).
Жіктелуі.
гломерулонефритің клиникалық - синдромдары:
- нефриттік синдром
- нефрондық синдром (жеке немесе аралас)
- гематурия, не гематурия мен протеинурия (жеке зәрлік синдром )
ағымына қарай:
- жедел ағымды гломерулонефрит
- созылмалы гломерулонефрит
- тез үдейтін ( жеделдеу, қатерлі) гломерулонефрит болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |