Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет81/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Жедел гломерулонефрит

Жедел гломерулонефриг (ГН)-инфекциядан кейін 1-З апта өткен соң жедел нефриттік синдроммен басталады.




Этиологиясы. Әрүрлі бактериялар, вирустар, паразиттер. Олардың ішінде жиі кездесетіні- «А тобының бета гемолитикалық стрептококк». Ауру алдында балада баспа, фариигит, кейде стрептодермия болуы мүмкін. Бейімдеуші факторлар болып жоспарлы екпелер, созылмалы инфекция ошақтары, жиі ЖРВИ ауру, аллергия, тұқым қулаушылық жатады.

Патогенез. Аурудың негізі аутоиммундық процесс. Қоздырғыш қанмен немесе зәр шығару жолымен бүйрекке түсіп, антигенге айналады. Бала организмінде антигенге қарсы антидене түзіліп, «антиген-антидене» иммундық комплекстері түзіледі. Осы комплекс бүйрек шумақтарының базальдық мембранасына орналысып, кабыну туғызады. Нәтижесінде бүйрек шумақшаларыөз функциясын толық атқара алмай, зәрдің түзіліп-шығуы бұзылады.


Клиникасы. Клиникалалық белгілері 3 синдромнан тұрады:

  1. Ісіну. Ең алғашқы клиникалық белгілердің бірі, баланың беті бозарып, көзінің астында ісік пайда болады. Ісік қол-аяқтарына тарап, кейде анасарка болуы мүмкін.

  2. Зәрлік синдромның белгілері: олигурия (зәр мөлшерінің азаюы), макро немесе микрогематурия (зәрде қанның болуы), протеиурия (зәрде нәруыздың болуы). Зәрдің меншікті салмағы жоғарлайды 1030-1040 дейін.

  3. Гипертензиялық синдром. Баланың систололық және диастолалық қан қысымы жоғарлайды.



Нефриттік синдром, егер ауруда мына классикалық белгілер жиынтығы болса айтамыз:

  • дене ісінуі;

  • қан қысымының көтерлуі, ол да көбіне орташа дәрежеде және өте

ұзаққа созылмайды;

  • гематурия-макрогематурия немесе микрогематурия;

  • протеинурия, әдетте орташа ( тәулік мөлшері 2г-нан аспайды);

  • олиго-анурия және бүйрек жетіспеушілігі белгілері(азотемия), ол да
    көбіне ұзаққа созылмайды.

Нефриттік синдром 5-6 жастан кейін, мектеп жасындагы балаларда жиірек болады. Шағымдары: баланың басы ауыруы, көңіл-күйі бұзылуы, тамаққа тәбеті болмай, шаршап, әлсіреуі. Бет пішіні бозғылт тартады. Зәр азайып, қызғылт тартады. Нефриттің белгілері (ісіну, қан қысымы жоғарылау және т.б. өзгерістер дамиды).Шумақ инфильтрациясы төмендеп, олигурия, сосын оның салдарынан азотемия пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет