Fast Ethernet технологиясы Ethernet нұсқауларынің барлығы да сияқты желідегі байланысты ұйымдастыруға негізделген
DTE қосылуындағы сегменттің максимальды ұзындығының шектеулі
Пайдаланушының максимальды саны мен сегменттің ұзындығының максимальдылығының пайдаланушымен байланыстағы шектеулер
DTE- DTE сегмент ұзындығының шектеулері
DTE(Data Terminal Equipment) ретінде желі ішіндегі калр жайлы кез келген ақпарат пайдаланыла береді:желілік адаптер,мост(көпір) порты,маршрутизатор порты,желіні басқару моделі және осыларға ұқсас құрылғылар. DTE құрылғысының ерекшелігі ол жаңа кадрды бөлінетін сегмент үшін таңдауында(мост(көпір) немесе коммутатор,әдетте желілік адаптер арқылы өңдеоген шығыс порт кадр береді,бірақ шығыс портта жалғанған желі сегмент үшін осы кадр жаңа болып табылады).Қайталаушы порты DTE құрылғысына жатпайды,өйткені ол көрінген сегменттегі кадрды қайталайды.
Қарапайым Fast Ethernet желісінде DTE құрылғысының бірнешеуі қайталаушы портына жұлдызша топологиясын құрып қосылады.Бөлінетін
сегментте DTE- DTE қосылулары кездеспейді(егер экзотикалық конфигурацияны есептемегенде,онда екі компьютерлік желілік адаптері бір-бірімен тікелей кабель арқылы жалғанған),ал мосттық/коммутаторлар және маршрутизаторлар үшін ондай қосылулар қалыпты болып табылады-онда желілік адаптер тікелей осы құрылғының бір портымен немесе құрылғылар бір-бірімен қосылған.
DTE- DTE сегментінің максимальды мағыналы ұзындығы IEEE 802.3u спецификациясымен №1 кестеде көрсетілген.
Кесте1. DTE- DTE сегментінің максимальды ұзындығының
Мағынасы
Стандарт
Кабель типі
Сегменттің максимальды ұзындығы.
100 Base-TX
Категория 5 UTP
100м
100 Base-FX
62,5\125 мкм
412м (жартылай дуплексті)
2 км (толық дуплексті)
100 Base-T4
Категория 3,4 және 5 UTP
100м
Каскадтаудың үш деңгейі бар. Әрбір концентратор және 100VG-AnyLAN Ethernet және TokenRing кадрлары мен жұмыс істеуге бапталған болуы керек. Екі кадрдың бір уақыттағы циркуляциясына мүмкіндік жоқ .
Концентратор циклды түрде порттарға сұраныс жасап тұрады. Қалтаны жібергісі келетін станция паурды жіберуді және оның дәрежесін көрсетуді сұрай отырып концентраторға арнайы төмен жиілікті-сигнал жібереді. 100VG-AnyLan желісінде екі дәреже қаралуы төменгі және жоғарғы. Төменгі дәреже қарапайым берілгендерге сәйкес келеді (файлдық қызмет, басып шығару қызметі т.с.с), ал жоғарғы дәреже уақыттық кідіруге сезімтал берілгендерге сәйкес келеді. (Мысалы, мультимедия). Сұраныстар дәрежесі статикалық және динамикалық құраушыларға ие. Яғни, желіге ұзақ уақыт рұқсат алмаған төменгі дәрежелі станция жоғарғы дәрежені иеленеді.
Егер желі бос болса, концентратор қалтаның жіберілуіне рұқсат береді. Қабылдаушы адресін анализдеп болған соң, қабылданған қалтада концентратор белгіленген станция пакетін автоматты түрде жібереді. Егер желі бос емес болса, концентратор қабылданған сұранысты кезекке қояды. Ол сұраныстардың түсу ретімен және дәрежені есепке алумен сәйкес өңделеді. Егер портқа басқа концентратор қосылған болса, сұраныс төменгі деңгейге, сұраныс аяқталғанға дейін тоқтатылады. Иерархияның әр деңгейіндегі концентрацияға жалғанған станцияларбөлінетін ортаға рұқсат бойынша артықшылықтарға ие болмайды. Себебі, рұқсатты ұсыну туралы шешім концентратор өзінің барлық порттары туралы сұранысты жүргізгеннен кейін қабылданады.
Бір сұрақ шешусіз қалады-белгіленген станция қай портқа жалғанғанын концентратор қалай біледі? Басқа технологиялардың бәрінде кадр желінің барлық станцияларына берілетін, ал белгіленген станция өз адресін танығаннан кейін, кадрды буферге көшіретін. Бұл тапсырманы шешу үшін концентратор станция желіге кабель арқылы жалғануы кезінде оның МАС-адресін біліп алатын. Егер басқа технологияларда физикалық жалғау процедурасы кабельдің байланыстылығын (Link test 10Base Т технологиядағы) порт типін (FDDI технологиясы) порттың жұмыс
жасау жылдамдығын (FastEthernet-тегі авто сөйлесулер процедурасы) анықтайтын болса, 100VG-AnyLAN технологиясында физикалық жалғануды орнатқан кезде концентратор станцияның МАС-адресін анықтап, оны МАС –адрестер кестесінде сақтайды. Бұл кесте көпір-коммутатор кестесіне ұқсас. Олардың айырмашылығы-100VG-AnyLAN концентраторында кадрларды сақтайтын ішкі буфер болмайды. Сондықтан ол желі станциясынан тек бір кадрды қабылдайды, оны белгіленген портқа жібереді және белгіленген станция осы кадрды толық қабылдағанша концентратор жаңа кадрларды қабылдамайды. Сондықтан бөлінетін орта эффектісі сақталып қалады. Желі қауіпсіздігі ғана жақсарады, себебі кадрлар бөтен порттарға түспейді және оларды ұстап қалу қиынға түседі.
100VG-AnyLAN технологиясыфизикалық деңгейдің бірнеше спецификациясын қолдайды. Алғашқы нұсқа 3,4,5 категориялы төрт экрандалмаған жұптарға есептелген.
Кейінірек 5 деңгейлі экрандалмаған екі жұпқа, бір типті экрандалған жұпқа немесе екі оптикалық оптоқылқандарға есептелген физикалық деңгейдегі нұсқалар пайда болды.
Көптеген жақсы техникалық шешімдерге қарамастан 100VG-AnyLAN технологиясы көп жақтаушыларын тапқан жоқ және өзінің жұмыс істеуін тоқтатты. Ол дәстүрлі әрі әдеткі FastEthernet технологиясы мен салыстырғанда тым күрделі болды. Оның үстіне беру жылдамдығына қажет ететін қосымшаларды қолдау үшін Gigabit Ethernet технолгиясы бар. Ол Ethernet және Fast Ethernet-пен бірге 1000 Мбит/с берілгендерді тасымалдау жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Fast Ethernet желісінде де ағымдағы арнаны бақылап отырып, көп арналы қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (CSMA/CD,Carrier Sense Multiple Acces with Collision Detection) айқындай алатын Ethernet технологиясы қолданылады. Бұл екі технология да IEEE 802.3 стандартына негізделген. Осыған орай осы екі типтегі желілерді жасау кезінде (көбінесе) бірдей кабель типтерін, ұқсас желі құрылғыларын және бірыңғай қолданбалы программаларды пайдалануға болады. Fast Ethernet желісінде мәліметтер 100 Мбит/с жылдамдықпен тасымалданады, яғни Ethernet желісіне желісіне қарағанда он есе жылдам жүргізіледі. Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғары өткеру мүмкіндігі қысылшаң кездерді болдырмайтын тәсілдің бірі болып табылады.
Соңғы кездерде 10 Мбит/с Ethernet және 100 Мбит/с Fast Ethernet шешімдерін қатарластыра үйлестіруді қамтамасыз ететін жаңа шешім табылды. «Қос жылдамдықты» 10/100 Мбит/с Ethernet/ Fast Ethernet технологиясы – желілік тақша, концентратор, коммутатор сияқты құрылғыларға жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай құрылғыға байланысқанына байланысты) кез келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 10/100 Мбит/с Ethernet/ Fast Ethernet желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбит/с жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Егер де оны 10/100 Мбит/с жылдамдықты концентратор (3Com SuperStack II Dual Speed Hub 500 сияқты) портымен байланыстырсақ, ол автоматты түрде 100 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істей бастайды. Бұл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жүзеге асыра алады. Оған қоса, мұндай тәсілдер серверлер мен клиенттердің желілік жабдықтарын қарапайым күйде сақтап, желілік құрылғылар мен тасымалдау арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын жаңа программаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
100BASE-T — үш стандарттың 100 Мбит/с ethernet біреуінде анықталатын жалпы термин, витуалды жұптың ортасында берілгендерге тапсырыста қолданылады.Сегменттің ұзындығы 200-250 метрге дейін. Өзіне 100BASE-TX, 100BASE-T4 және 100BASE-T2 қосады.
100BASE-TX, IEEE 802.3u — 10BASE-T технологиясының дамуы, жұлдызша топологиясы қолданылады, витуалды жұптың 5-категориясы кабелі іске асырылған, мұнда екі жұп сымдар қолданылған,берілгендердің тапсыру жылдамдығының максимумы 100 Мбит/с.
100BASE-T4 — 100 MБит/с ethernet 3-категория кабелі. Барлық 4 жұпта қолданыста.Қазір тәжірибе жүзінде қолданылмайды.Берілгендердің тапсырысы жартылай дуплекстік режимде жүреді.
100BASE-T2 — Қолданылмайды. 100 Mбит/с ethernet 3-категориялық кабель арқылы жұмыс жасайды.2 жұп қана колданылады.Жартылай дуплексті режим колданылады.Бір бағытта берілу жылдамдығы — 50 Mбит/с.
100BASE-FX — 100 Мбит/с ethernet оптотолқынды кабель көмегімен қолданылады. Сегменттің максималды ұзындығы 400 метр жартылай дуплексті режимде немесе 2 километр жартылай дуплекстті режимдегі көп жылдық оптикалық талшықта және 32 километр біржылдық талшықта болады.