Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет72/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. IP-телефондау қанша амалға байланысты болады?

  2. Телефон-Компьютер деп нені түсінеміз?

  3. IP-телефондау қызметтерінің түрлері

  4. IP-телефондаудың артықшылықтарын атаңыз

  5. Виртуальдық дербес желілердің қызметін түсіндіріңіз

ЛЕКЦИЯ № 15. ИНТЕРНЕТ – ТЕЛЕФОНИЯ
15.1 Компьютерлік бейнебайланыс
15.2 Skype программасын пайдалынушы
15.1 Компьютерлік бейнебайланыс
Интернет - бейнетелефониялық байланыс. Бейнеконференцияды желілік шешу нұсқалары. Бейнеконференция жүйелері Көптеген компьютерлік қосымшалар бастапқыда жеке тұтынушыларға арналып жасалған. Бұл қосымшалар стандарттық офистік жабдықтардың - жазу машинкасы, калькулятор, сызғыш, блокноттың - компьютерленген нұсқалары болатын. Программалық жабдықтарды құрушылар желінің қуатты потенциалдарын бағалап, көпшілік пайдалана алатын арнайы бағдарламалар жасап шығарды. Мұндай бағдарламаға жататындары:

  • Электрондық пошта мен хабарламалар алмасу

  • Жоспарлау

  • Топтық программалық жабдықтар

Электрондық пошта немесе e – mail – компьютерде құрылған барлық мәліметтерді басқа пайдаланушыға жіберуге мүмкіндік беретін қуатты құрылғы, e – mail хабарламаларын оңай:

  1. оқуға және өшіруге болады

  2. оқып, сақтап қоюға болады

  3. оқып, жауабын қайтаруға болады

  4. қайта өңдеп, сақтауға немесе басқа адамдарға жіберуге болады

  5. қағазға басып алуға болады

Е – mail жүйелері барлық клиенттердің арасында бірден байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Телефондық байланыста абонентті іздеу және оны күту мәселелері тұрса, ал электрондық пошта жіберушіге де, қабылдаушыға да тиімді. Хабарламаларды тәуліктің кез келген уақытында жіберіп, қабылдаушы оны өзіне ыңғайлы уақытта оқи алады. Е – mail нақты тақырып бойынша хабарламалар алмасуға мүмкіндік береді.
Электрондық пошта жүйесінде әр тұтынушылар үшін басқарушы бөлек пошта жәшігін бөліп қояды. Пошта жәшігі дегеніміз – иесінің атына келген барлық поштаны жинайтын орын. Электрондық пошта жүйесі тұтынушылардың атына түскен хабарламалар туралы оларды ескертіп отырады. Хабарлама келген уақытта компьютер дыбыстық сигнал, визуалдық сигнал немесе екі сигналды да бір уақытта беруі мүмкін. Логикалық аяқталған е – mail жүйелерінің ерекше каталогтарында жүйені қолданушылардың барлығының тізімін сақталып қойылады. Әдетте мұндай каталогта желілік тұтынушылар жайлы мынадай мәліметтер қамтылған:

  1. Аты – жөні

  2. Мекен жайы

  3. Қызметі

  4. Телефон нөмірі

  5. Комментарий – түсініктемелер

Е – mail жүйесін жоспарлағанда желі басқарушысы желіні қолдап, тұтынушыларды үйретуі қажет. Кейбір мекемелер электрондық пошта басқарушысы ретінде бір қызметкерді сайлап қояды да оған мынадай міндеттер жүктеледі:
- Пайдаланушылар мен топтарды құру, модификациялау;
- Пошталық сервердегі хабарламалар мен бумалардың сақталуын басқару;
- Электрондық пошта каталогын басқару;
- Жаңа пошта бөлімшелерін көрсету, алынып тасталған тұтынушыларды көрсету және желіге қосылған жаңа тұтынушылармен мәліметтер мен алмасуды ұйымдастыру;
- Жаңа тұтынушыларды үйрету.
Басқарушы е – mail жүйесін құрғанда желілік өнімдерді тез өндіруді ескеретін стандартты пайдалану керек. Егер пошталық жүйе әр түрлі болса, кіріс хабарламаларын формат түрінде келтіру қажет. Өзгертуді орындайтын құрылғыны шлюз деп атайды. Ондай қызметтерді орындау үшін арнайы компьютер бөлініп қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет