Жеке жоспарлау. Желілік утилиттер жоспарлауы тұтынушыларға уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі. Олар жеке жоспарлау үшін де және жұмыс күнін топтық жоспарлау үшін де қажет болады.
Жоспарлау программалары – кәдімгі күнделіктің электрондық нұсқасы қызметін орындап, әр күні, әр айда, әр жылдағы жоспарланатын кездесулерді, жиналыстарды т.б. көрсетіп қою үшін қажет. Әр түрлі өндірушілердің жоспарларында өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардың барлығы да стандартты функцияларды орындайды: электрондық күнделікті толтыруға көмектеседі, ал күнделік автоматты түрде жоспарланған істер жайлы ескертіп отырады.
Топтық жоспарлау. Электрондық жоспарлау программасы желілік деңгейде мынадай жұмыстарды орындайды: кездесуге қатысушылардың кестесін тексеріп, кездесуді ұйымдастырушыға бос уақытын көрсетіп қояды. Жоспарлау мәліметтерін ескере отырып, барлық кездесуге қатысушылардың бос болатын уақытын көрсетіп, сол уақытқа кездесуді ұйымдастыру қажеттігін атап көрсетеді. Әрбір қатысушыға кездесуге жақындаған уақытта ескертулер жасап отырады. Топтық программалық жабдықтар байланыстың желілік технологиясын нақты уақытта орталықтандырылған құжаттарды басқаруды ұйымдастырады. Топтық программалық жабдықтарды пайдаланғанда жұмыс топтары өзара ақпаратпен алмасып отырады.Топтық программалық жабдық жаңа технология болып есептеліп, оның қолдану аясы өсіп отыр. Қазіргі уақытта бұл жүйелер мынадай жұмыстарға бағытталған: