Интернет желісі Интернет желісі. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон желісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелік байланыс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіріледі. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Ауқымды желі немесе Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Интернет - (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Мысалы: жергілікті желі арқылы жіберілген хабар. Басқа континетте пайдаланушыға жетпес бұрын бірнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.
Әр желінің жұмыс істеу аймағын айтарлықтай дәрежеде кеңейтетін желілердің біріктірілу тәсілі – Интернет болып табылады.
Корпоративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.
Интернет – компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көрсететін 2 млн-нан астам тораптық компьютерлерді қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1-млн-ға өсіп отырады.
Интернет желісі алғаш перспективті зерттеулер жүйесі үшін ARPANET(интернет желісінің негізгі ұғымдары мен қызметтері)түрінде жасалған.Бұл TCP/IP пратаколы түрлі құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген желілерді байланыстыру үшін арналған IP-Internet Protocol-ының желілік деңгейінде жұмыс істейді және әртүрлі жүйелерге IP адрестерінің көмегімен желіаралық маршрутизация ұйымдастыру үшін арналған стандартты ережелер жиынтығын ұсынады.Ал TCP-Transmisson Control Protocol пратоколы мәліметтерді жіберуді басқарудың OSIмоделінің транспорттық деңгейінде қызмет етеді.Ол желілік ақпаратты желіге жіберу арқылы екі компьютер арасында өзара байланысты ұйымдастырады. IР –пратоколын байланыс ұйымдастыру ережесін беруші бөлік,ал TCP –мәліметтерді анықтау,жіберу не қабылдау әрекеттерін орындаушы бөлік ретінде қарастыруға болады. Дүние жүзінде қолданатын әртүрлі желілер үшін TCP/I протоколы ортақ коммуникациялық құрал ретінде қарастырылатын және түрлі типті жұмыс станцияларын (PC,UNIX,Mackintosh) байланыстыру мүмкіндіктерін беретін протокол болып табылады.
Кең ауқымды компьютерлік желіге қосылудың мынадай түрлері бар:
тұрақты түрде байланыс ұйымдастыру,жекелеген байланыс каналын тұрақты пайдалану;
2. уақытша байланыс ұйымдастыру,керекті уақытта ғана қосылу.
Интернетке қосылған әрбір компьютер әдетте IP-адреспен қамтамасыз етіледі. Бұл адрес 4 байт көмегімен сипатталады.Мысалы,195.38.46.11.Желі бойынша жіберілген TCP пакет әрбіркомпьютерден өту үшін оның IP –адресіндегі 4 сан көмегімен қабылдайтын тікелей байланысқан компьютерді тікелей анықтап отырады.
Интернет желісінің ең әйгілі қызметтеріне мыналар жатады:
World Wide Web-WWW
FTP серверлері (File Transter Protocol)
Электрондық почта (E-mail)
Жаңалықтар (Network News Transter Protocol-NNTP)
Gopher
Telnet
тағы басқалар.
WWW Web-серверлерде сақталатын өзара байланысқан жүздеген, миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын ортақ ақпараттық кеңістік болып табылады. Web-кеңістігін құрайтын жеке құжаттар Web-парағы деп аталады.Белгілі бір тақырып бойынша біріктілген Web-парақтары Web-сайт құрайды.Web-browsers-броузерлер деп аталады.Қазіргі кезде броузерлердің Internet Explorer және Netscape Navigator деп аталатын түрлері кеңінен қолданады. Web-парақтарды дайындауда гипертекстілік белгілеу HTML(Hyper TEXT Marrup Language)программалау тілі қолданады.Гипертекст деп текст,бейне,дыбыс және видео ақпараттың кездейсоқ тәртіппен бір-бірімен байланысстыру әдісін атайды. Гипертекст форматы қолданушылардың ұсынылған тақырыптарды кез-келген ретпен қарастыру мүмкіндігін береді. Гиперсілтемелер көмегімен байланыстырылған электронды құжаттар гиперкеңістікті құрайды. Гиперкеңістіктегі әрбір құжаттың өз адресі болуы тиіс. Адресті дүниежүзілік деңгейдегі URL-Uniform Recource Locator ресурстардың көрсеткішімен анықтайды. URL-адрес үш бөліктен тұрады:
берілген ресурсты қолдану мүмкіндігін беретін қолданбалы пратокол атының көрсетілуі.Мысалы, WWW қызметін орындайтын протокол аты-HTTP(Hypertext Transfer Protocol)гипертекстті жіберу протоколы болып табылады.
Протокол атынан кейін :(қос нүкте)таңбасы,”//”таңбалары қойылады.Берілген ресурс сақталатын сервер компьютердің домендік аты көрсетіледі.
Сервер компьютеріндегі керекті файлға жетудің толық жолы”//”аралық белгісі арқылы қойылады.
Мысалы,
http://www.abcde.com/Files/New/abcde.zip IP адрестер желі ауқымына қарай беріледі.Егер интернетке қосылмайтын жергілікті желіге арналып IP адрес құралса,адрес еркін түрде бекітеледі.Ал интернетке қосылатын желі үшін ерекше IP адрес қажет болған жағдайда халықаралық InterNic ұйымына байланыс жасау керек.
IP адрестегі алғашқы екі цифрді InterNic бекітеді,бұл бөлік желі адресінің аймағы да,ал қалған бөлігі осы бірлестікпен анықталады және ол буын өрісі д.а(поле узла).Бұл сандарды есте сақтау мен қатесіз енгіздің қиындығына орай DNS (Domain Name System)домендік жүйесі құрылды.Ол IP адреске компьютердің орналасқан орнын анықтауға арналған қысқаша түсінікті атаулар бекітеді. DNS-ң соңғы 3 әрпі домен типін көрсетеді.
АҚШ адресінде кездесетін кейбір домендер типтері:
Com-коммерциялық ұйым
Edu-білім беру мекемесі
Dov -мемлекеттік ұйымдар;
Mil-әскери ұйымдар;
Net-желілік қызмет көрсетушілер;
Org-басқа ұйымдар;
Ru-Россия;
Au-Австралия;
Kz-Қазақстан;
Uk-Ұлыбритания;
Us-АҚШ;
Fr-Франция;
Интернет желісінде ақпаратты іздеудің бірнеше URL жүйелерінің адрестерін атап өтейік: