Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Кәсіпорын құрылымы. Цехтар мен қызмет көрсететін шаруашылықтар мен қызметтердің жіктелуі



бет86/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

3.Кәсіпорын құрылымы. Цехтар мен қызмет көрсететін шаруашылықтар мен қызметтердің жіктелуі
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге кабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіп кәсіпорнының функциялары мыналар:
өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
кәсіпкерлік;
салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқада қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;

  • мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.

Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми- техникалық өзгерістер жағдайында даму .
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері – цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе жанама түрде қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және экономика –географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.
Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

  • кәсіпорын цехтарының құрамы, қуаты берілген өнім көлемін дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;

  • әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы анықталады;

  • кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс) жолдарман өзара қатынасы жоспарланады;

  • өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының ең қысқа маршруттары белгіленеді.

Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен жартылай фабрикаттар, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау- тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек). Цех- жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын.
Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады.
Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді.
Дайындау цехына құйма, ұсталық- штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;
Өңдеу цехына – механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояулау және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына - өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, модельдік, жөндеу, энергетикалық, көліктік цехтар жатады.
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді, оларға жататындар - метал қалдықтарын, құйма және үгінділерді пайдаланып, қажетті өнім шығаратын цехтар.
Аталғандардан бөлек әрбір зауытта өнеркәсіптік емес шаруашылықтарға қызметін көрсететін (коммуналдық, мәдени-тұрмыстық, тұрғын үй және т.б.) бөлімдері мен өндірістік цехтары бар.
Барлық зауыттардың құрылымдарында қойма шаруашылығы, санитарлы- техникалық құрылғылар мен қатынасу жүйелері (электр желілері, газ және ауа өткізіштер, жылу беру, желдету, рельсті және рельссіз көлік жолдарын көріктендіру) белгілі бір орынды иемденеді.
Бірлестіктің (кәсіпорынның) өндірістік құрылымында конструкторлық, технологиялық бөлімшелер, ғылыми - зерттеу институттары мен зертханалар маңызды рөлге ие. Онда сызулар, технологиялық үдерістер құрастырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі, өнім конструкцияларын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар талаптарына толығымен сәйкестендіреді, зерттеу және тәжірибе – конструкторлық жұмыстар орындалады. Бұл бөлімшелерде ғылымның өндіріспен бірігуі айқын көрініс табады.
Цехтар құрамына негізгі және қосымша өндірістік телімдер кіреді.
Негізгі өндіріс телімдері технологиялық немесе заттық (өнімдік) қағида бойынша құрылады. Технологиялық мамандану қағидасына сай ұйымдастырылған телімдерде белгілі бір түрдегі технологиялық операциялар орындалады. Құйма цехында, мысалы үшін, келесі бағыттар бойынша телімдер ұйымдастырылуы мүмкін: орын даярлау, бұрандалар жасау, құйма қалып дайындау, дайын құйманы өңдеу және т.б., ұсталық цехта – балғалар мен пресстерде соғылған дайындамалар жасау, жоғары температурада өңдеу жүргізетін телімдер және т.б., механикалық цехта – токарлық, револьверлі, фрезерлі, тегістеуші, слесарлық және басқа да телімдер, құрастыру телімінде – өнімді бөлшектеп және соңғы құрастыру, оның бөліктері мен тораптарын сынау, бақылау - сынақ стансалар, бояу телімдері және т.б.
Заттық мамандану қағидасы бойынша ұйымдастырылған телімдерде жеке операция түрлерін емес, тұтас технологиялық үдеріс жүреді, нәтижесінде осы телім үшін дайын, аяқталған өнім алынады.
Қосымша телімдерге механикалық өңдеу және энергетикалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бас механик пен бас энергетик бөлімдері жатады; сонымен қатар қайрау (жану, егеу) шеберханасымен бірге құрал үлестіру қоймасы, көлік қызметі, технологиялық жабдықтарды жөндеу және ақаусыз күйде ұстау шеберханасы да кіреді. Орталықтандырылған жүйедегі цехтарда кәсіпорынға қызмет көрсету және ағымдық жөндеу үшін көмекші телімдер құрылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет