Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары



бет21/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

3.Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары.

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі ресурстарды жаңарту туралы жалпы стратегияның бір бөлігі болып табылады. Бұл стратегияның негізінде қолданылатын өндірістік ресурстарды бір қалыпты жағдайда ұстап тұру қағидасы жатыр. Бұл қағида жөндеу, жаңғырту және қайта құру арқылы негізгі капиталды қалпына келтіруді қарастырады. Бұл жұмыстарды жүргізу стратегиясын белгілегенде кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін еске ала отырып, ықтималды инвестициялық жобаларды оңтайлы қалыптастырып қана анықтауға және талдауға болады. Жаңа құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта құру арқылы кәсіпорынға тиісті негізгі капиталдың ұдайы өндірісін әр түрлі жолмен жүргізуге болады. Егер жүргізілген жаңғырту және қайта құру арқылы қызмет (тиімді пайдалану мерзімі, қуаты, пайдалану сапасы) көрсетудегі қабылданған нормативтері жақсарса, онда негізгі капиталдың бастапқы құны жоғарылайды.


Жаңа құрылыс – бұл жаңа аудандағы өндірістің кеңею үдерісі. Кәсіпорынды ұлғайту – жұмыс атқарып жатқан кәсіпорында қосымша өндірісті құру, не жаңа цехты салу немесе бар цехты кеңейту. Қайта құру – техниканы жаңарту негізгі каптиалдың енжарлық бөлігін қайта қалыптастыруды қамтамасыз ететін үдеріс. Қайта құру үдерісі кезінде кәсіпорынның өндірістік ресурстарына айтарлықтай өзгеріс енгізілуі мүмкін. Техникалық қайта жабдықтау – жаңа техника негізінде өндірісті әбден жетілдіру үдерісі. Осы арқылы өндірістің техникалық деңгейі айтарлықтай жоғарылайды және өндірістік іс-әрекет экономикалық нәтижесі түпкілікті өрлейді. Техникалық деңгей қолданып жүрген әдістер мен еңбек құралдарының жетілдіру дәрежесін сипаттайды. Егер ресурстарды жаңарту кезінде бар құралдар табиғи тозған негізгі капиталды ауыстыруға жұмсалса, онда оны техникалық жаңғытру деп атаймыз, себебі ол айтарлықтай тиімділіктің жоғарылауына алып келмейді. Бұл жағдайда әңгіме тек жай ұдайы өндіріс үдерісі жайлы болады. Егер жаңарту кезінде қосымша өндірістік қуат жасалса және өндіріс үдерісінде сапалы өзгерістер орын алса, онда кеңейтілген ұдайы өндірісі деп атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет