Самай төменгі жақ буыны ауруларының ортопедиялық емі Орындаған: Жолжігітова Н



бет1/5
Дата02.10.2024
өлшемі128,22 Kb.
#205518
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ортопедия внчс

Самай төменгі жақ буыны ауруларының ортопедиялық емі

Орындаған:Жолжігітова Н.

Факультет: стоматология

Топ: ст20-009

Тексерген: Нысанова Б. Ж.

Самай-төменгі жақ буынының ауруларын ортопедиялық емдеу уақытша және тұрақты емдеу аппараттары мен протездерді қолданудан тұрады.

Самай-төменгі жақ буынының ауруларын ортопедиялық емдеу уақытша және тұрақты емдеу аппараттары мен протездерді қолданудан тұрады.

Емдеу-диагностикалық аппараттар

Емдеу-диагностикалық аппараттарға каппалар, жапсырма пластинкалар, сондай-ақ түрлі конструкциялы таңдай пластиналары жатады. Бұл аппараттар тіс қатарының көптеген динамикалық байланыстарын қалпына келтіру, окклюзиялық биіктікті қалпына келтіру, төменгі жақтың ығысуын жою, тістің қатты тіндеріне және пародонтқа шамадан тыс жүктеме жасайтын парафункцияларды өшіру, Попов феноменін жою үшін қолданылады. Сонымен қатар, мұндай аппараттар диагностикалық болып табылады, өйткені тіс-жақ жүйесіндегі бұзылушылықтардың самай-төменгі жақ буынының ауруларымен және дисфункцияларымен, неврологиялық симптомдармен байланысын орнатуға көмектеседі. Егер мұндай байланыс бар болса, онда аппараттарды қолданғаннан кейін буындағы ауырсыну сезімдері мен ауырлық, шайнау бұлшық еттердің шаршауы төмендейді, ауыздың ашылуы қалпына келеді.


Аппараттарды пайдалану мерзімі тіс қатарларының ақауының дәрежесіне байланысты. 2 мм дейін арасы ашылғанда пластинкаға бейімделу мерзімі 1 аптаға тең және тұрақты протездерді 1-2 аптадан кейін жасауға болады. Арақашықтығы одан үлкен болса, тұрақты протездер кемінде 3 айдан кейін салынады.

Каппалар мен жапсырма пластинкалар төменгі жақтың ығысуы болған және буын элементтерінің өзара орналасуы бұзылған жағдайларда қолданылады. Буындар мен бруксизм аурулары кезінде каппаның қалыңдығы окклюзиялық биіктік тыныштық биіктігінен 1-2 мм кем немесе оған тең болатындай болуы тиіс. Шайнайтын бұлшықеттердің физиологиялық тыныштығы буын ауруының асқынуын болдырмау үшін бұзылмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет