Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Айналым капиталындағы қажеттілікті анықтау. Айналым капиталын қалыптастыру көздері



бет33/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

2.Айналым капиталындағы қажеттілікті анықтау. Айналым капиталын қалыптастыру көздері.

Кәсіпорынның нәтижелі жұмысы – бұл ең аз мөлшерлі шығын жұмсай отырып барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Шығындарды азайту – бұл, ең алдымен, кәсіпорынның айналым капиталын қалыптастыру көздерінің құрылымын оңтайлы ету, яғни меншікті және несиелік ресурстарды ұтымды үйлестіріп пайдалану деген сөз.


кәсіпорынның айналым капиталы айналыс жасай отырып, ұдайы қозғалыста болады. айналыс өрісінен олар өндіріс аумағына, кейін өндірістен – қайтадан айналыс өрісіне және т.с.с. өтіп отырады. ақшалай қаржылардың айналымы кәсіпорынның өндіріске қажетті материалдық ресурстар және өзге де элементтерге төлем жүргізу сәтінен басталып осы шығындардың өнімді сатудан түскен ақшалай табыс түрінде қайтуымен аяқталады. бұдан соң қаражаттарын кәсіпорын материалдық ресурстар сатып алуға қайта жұмсап, оны өндіріске жөнелтеді.
айналым капиталын басқару айналым капиталының өте аз көлемімен өндірістік үдерістің үздіксіздігі мен өнімді өткізуді қамтамасыз етуге негізделген. Бұл дегеніміз – кәсіпорынның айналым капиталы бүкіл айналым сатыларына тиісті түрде және ең аз мөлшерлі, бірақ жеткілікті көлемде болуы тиіс. Айналым капиталы әрбір мезетте әрдайым айналымның барлық үш сатысында болады және олар ақша қаражаттары, материалдар мен аяқталмаған өндіріс өнімі, дайын өнім түрінде болады.
Кәсіпорынның қалыпты жұмысын ұйымдастыруға қажетті экономикалық тұрғыдан негізделген айналым капиталының көлемін қалыптастыру үдерісі айналым капиталын мөлшерлеу деп аталады. Сонымен, айналым капиталын мөлшерлеу – бұл тұрақты ең аз көлемді, бірақ материалдық құндылықтар қорын құруға жеткілікті, аяқталмаған өндіріске қажетті запастарды төмендетпейтін қаржылар және басқада айналым капиталының көлемін анықтау. Айналым капиталын мөлшерлеу ішкі үнемдеу жолдарын анықтауға, өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартуға, дайын өнімді жылдамырақ сатуға жағдай жасайды.
Өндірістік қорларда, аяқталмаған өндірісте, кәсіпорын қоймаларындағы дайын өнім қалдықтарындағы айналым капиталын да мөлшерлейді. Бұлар – мөлшерленетін айналым капиталы. Айналым капиталының қалған элементтері мөлшерленбейді.
Айналым капиталының мөлшері кәсіпорындағы тауарлық-материалдық құндылықтардың ең аз көлемдегі қорын сипаттайды және ол қордың сақталатын күнімен, бөлшектер қорының мөлшерімен, есептік бірлікке келетін теңгемен және т.б. түрінде есептеледі.
Айналым капитал нормативін есептеудің үш әдісі белгілі:

  1. сараптамалық.

  2. тікелей есептеу әдісі.

  3. коэффициенттік әдіс.

Сараптамалық немесе тәжірибе-статистикалық мөлшерлеу әдісі өндірісті, өнімді өткізу және жабдықтауды ұйымдастыру ісінде қалыптасқан тәжірибені көрсетеді. Бұл әдіс бойынша меншіктегі тауарлы-материалдық құндылықтарды сараптау кезінде артық және қажетсіз құндылықтар есептен шығарылып, олардың іс-жүзіндегі керектісі ғана қалдырылады.
Тікелей есептеу әдісі техника мен технология дамуын, өндірісті ұйымдастыруын, материалдық құндылықтарды тасымалдауын және есептеулер саласындағы жүріп жатқан барлық өзгерістерді ескере отырып, кәсіпорында қол жеткізілген ұйымдастыру-техникалық деңгей тұрғысынан ғылыми негізделіп есептелген қорын табу көзделеді.
Коэффициенттік әдісте өткен кезеңнің нормативіне сәйкес жоспарланып отырған өндіріс көлемінің өзгеруі мен қаражаттардың айналымдылығын үдетуіне байланысты түзетулер енгізіледі. Айналым капиталының нормативтері тікелей есептеу жолымен ұдайы нақтыланып отыратын жағдайда жекелеген элементтері бойынша жекеленген коэффициентті қолдануға болады.
Айналым капиталының әрбір элементі бойынша тікелей есептеу әдісімен мөлшерлеу айналым капиталының оңтайлы мөлшерін дәлірек анықтау үшін қажет болады. Басқа мөлшерлеу әдістері өнеркәсіпте көмекші түрінде пайдаланылады.
Меншікті айналым капиталының жалпы нормативтері өндіріс жоспарын орындауға қажетті шикізат, материалдар мен отындар қорларын, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді (тауарды), сондай-ақ төлемдерді өз мерзімінде төлеуге қажетті ең аз көлемдегі қаражаттың көлемін анықтайды.
Айналым капиталын мөлшерлеу келесі мөлшерлерді әзірлеп, анықтаудан тұрады:
- жекелеген тауарлы-материалдық құндылықтардың түрлері бойынша (күнмен берілген) барлық айналым капиталының мөлшерін;
- ақшалай түрдегі айналым капиталының әрбір элементі үшін және тұтастай алғандағы нормативін.
Айналым капиталының қор мөлшері бірнеше жыл бойына жылдық нормативтерді есептеу үшін қолданылады. Жылдық қаржылық жоспарды құру кезінде өндіріс, жабдықтау және өнімді өткізу шарттары айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жағдайда жекелеген материалдық құндылық түрлері бойынша ол нақтыланып отырады.
Әр кәсіпорынның меншікті айналым капиталының нормативі келесі негізгі көрсеткіштер арқылы анықталады:
- өнім өндіру және сату көлемімен;
- өнімді өндіруге, сақтауға және сатуға жұмсалған шығындармен;
- жекелеген тауарлы-материалдық құндылық түрлері бойынша және бір күндік шығындары бойынша айналым капиталының мөлшерімен.
Айналым капиталының мөлшері әрбір кәсіпорындағы жұмыс жағдайына байланысты:
а) өндірістік цикл ұзақтығына;
б) мезгіл-мезгіл материалды өндіріске жіберілуіне;
в) материалдарды өндірістік тұтынуға дайындау уақытына;
г) жабдықтаушылардың тұтынушылардан алшақтығына;
д) жеткізіп берудің жиілігі мен бірқалыптылығына және кешенділігіне, жеткізілетін партиялар көлеміне, материалдардың сапасына және келісім-шартта қаралған өзге де жабдықтау және өткізу (сату) шарттарына;
е) тасымалдау жылдамдығына және көлік жұмысының жүйелілігіне;
ж) есептеулер жүйесі мен түріне, құжаттардың айналым жылдамдығына.
Айналым капиталының жеке элементтерінің нормативін Нэ есептеудің жалпы формуласы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет