Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері



бет52/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Калькуляцияның баптары бойынша шығындарды саралау өзінің ерекшіліктеріне байланысты әрбір өндіріс саласында бір-бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонда да болса қазіргі кезде төменгі баптар бойынша жіктеледі:

  • шикізат пен материалдар;

  • қайтарылатын қалдықтар (шегеріліп тасталады);

  • сатып алынған бұйымдар, жартылай фабрикаттар және сыртқы мекемелердің өндірістік сипаттағы қызметтері;

  • технологиялық мақсатта қолданатын отын мен энергия;

  • өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысы;

  • әлеуметтік салыққа аударымдар;

  • үстеме шығындар;

  • пайыздарды төлеу жөніндегі шығындар.

Шығындарды баптар бойынша саралау пайда болған орны және әрбір өнім түрлеріне жұмсалған шығындарды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, анықталған калькуляциялық бірлікпен шығын мөлшерінің қатынасын анықтауға болады.
Шығындардың баптары бойынша өзіндік құнды толық дәлелдеу шығындарды әртүрлі талдамалық топтастыру арқылы жүзеге асырылады.
Шығындарды талдамалық топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде негізгілері төмендегідей:
1. Шығындардың пайда болу орны бойынша өндірістік және коммерциялық болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық шығындар деп аталады.
2. Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген шығындарды өндірістік деп атайды. Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ахаулы өнім шығарғаннан келген және т.б. байланысты шығындар өндірістік емес шығындар қатарына жатады.
3. Әртүрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп екіге бөлінеді. Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда қолданылады, солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында шығындардың барлығы тікелей шығындар деп аталады.
4. Өндірістің көлемінің өзгерісіне қатысты шығындары айнымалы және шартты-тұрақты (пара-парлы, пара-парлысыз) деп бөлінеді. Өндіріс көлемі өскен сайын шығынның кейбіреуі көбейеді де, ал басқалары өзгеріссіз қалады немесе өте аз өзгереді, осындай байланысты осы топтастырумен көрсетуге болады.
Айнымалы шығындар өндірістің көлемінің өзгеруіне белгілі бір түрде тікелей байланысты болады. Оған жататындар: шикізатқа, технологиялық мақсатқа жұмсалған отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленген еңбекақы және одан төленетін әлеуметтік салықтарға деген шығындар.
Шартты-тұрақты шығындар – шамасы өндіріс көлеміне байланысты өзгермейтін немесе өте аз өзгеретін шығындар. Әдетте, бұл шығындар өнімдерді жасауда тікелей байланысты болмайды және өндіріске қызмет ету және басқаруға қажетті шығындар түрінде көрінеді.
5. Экономикалық мағынасына қарай шығындар негізгі және үстемелі деп бөлінеді. Негізгі шығындарға өнімді жасаудың технологиялық үдерісіне тікелей байланысты және басқарудың деңгейіне және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз болмайтын шығындарды жатқызамыз. Бұл шығындар шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысына, машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен және т.б. шығындарды атаймыз.
Үстемелі шығындар өнімді жасаудағы технологиялық үдеріске тікелей байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады. Сондықтан оларға жататындар: негізгі және көмекші өндірістерге қызмет көрсету үшін пайдаланған материалдар мен қызметтер; негізгі және көмекші өндірістерте қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін өндірістік (цехтық) персоналдың еңбекақысы және одан алынатын әлеуметтік салықтар; амортизациялық аударымдар; өнімді өткізуге қажетті шығындар; өнімді өткізу шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары.
6. Экономикалық біртектілігіне қарай қарапайым және күрделі деп бөлінеді.
Қарапайым (біртекті) шығындар – бір экономикалық элементтен тұратын шығындар, оларға жататындар: шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысына кететін шығындар.
Күрделі (кешенді) шығындар – бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр текті экономикалық элементтерден тұратын шығындар. Оған жататындар: машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен, үстемелі, өнімді өткізу, әкімшілік; қаржыландыру шығындары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет