3.Кәсіпорын қызметіндегі маркетингтік тәсіл, маркетингтік шешімдер туралы ақпарат Ұйымның нарықтық үлесі мен бәсекелестердің нарықтық үлесінің ара қатынасымен анықталатын оның бәсекелестік тұғырмасы маркетингтік жұмыс сипатына едәуір ықпал етеді. Кәсіпорынның нарықтық үлкен үлесі оған нарықта үстем алуына мүмкіндік береді. Бұл жағдай монополияға қарсы заңдылықпен реттелуіне қарамастан өз бетінше нарықтағы ұйымдардың теңсіздігін жою мүмкін емес. Бұл жағдай бизнесті бірдей шартпен және ережемен жүргізгенде де ғана орын алады.
Нарықтық үлкен үлесі жоғары қуатты және күшті компаниялар бағаны төмендету арқылы нарыққа қысым көрсетуге, өнімді сату желісін басып алуға, жиынтықты бұйымдарды және басқа да бұйымдарды сатып алуда жеке басының мақсатын орындауға көмек беретін келісім-шарттар жасауға мүмкіндігі болады. Компаниялардың нарықта үлесі аз болған сайын олардың мүмкіншіліктері де тым аз болады. Соған қарамай әбден қолайлы маркетинг құралдары мен тәсілдерін қалыптастыру үшін бәсекелестік ортаның ерекшеліктерін дұрыс пайдалана отырып, бизнесті ұйымдастыруға мүмкіндік алуға болады.