Атом құрылысының планетарлық моделі
Резерфорд көптеген тәжірибелердің нәтижелерін қорыта келіп, 1911 жылы атом құрылысының ядролық моделін: атомның центрінде өлшемі тіпті шамалы ғана, оң зарядталған ядро болады да, ал оның айналасында айтарлықтай қашықтықта теріс зарядталған бөлшектер — электрондар — айналып жүреді деген тұжырым ұсынды. Міне, мұндай модельді планетарлық модель деп атайды, өйткені ол планеталық системаға ұқсайды. Атомның өлшемі ядроның елшемінен ондаған мың есе артық. Мысалы, сутегі атомы ядросының радиусы 5'10~16ж, ал электронның ядродан ең мүмкін болатын қашықтығы 0,53- 10—10 лг. Демек, біздің мысалымызда атомның елшемі ядроның өлшемінен шамамен 100 000 есе көп, электрон массасы сутегі атомы ядросының массасынан 1836 есе аз.
Тәжірибе атомның қалыпты жағдайда электрлік бейтарап екенін көрсетеді. Демек, бұл ядронын, оң заряды электрондардың теріс зарядымен компенсацияланады деген сөз:
q0 = eZ, (1.1)
мұндағы е — электрон заряды (1,60 • 10-19 кл), Z— атомдағы электрондардың саны, ол берілген элементтің Менделеев таблицасындағы реттік нөміріне тең. Мысалы, гелий элементінің (Z = 2) бейтарап атомы ядросының айналасында екі электрон, ал бор атомын-да (Z = 5) бес электрон айналып жүреді.
Ядро зарядтарының шамасын анықтау мақсатымен Чадвик жасағап алғашқы тәжірибелер тәжірибе жұзінде табылған деректердің теориялық мәліметтерге сәйкес келетінін көрсетті.
Қайталау сұрақтары.
1. Ядролық физика нені зерттейді?
2. Ядролық физика қандай физикалық құбылыстарға негізделген?
3. Альфа-бөлшек дегеніміз не?
4. Резерфорд тәжірибесіндегі альфа-бөлшектердіқ шашырауын түсіндіріңіздер.
5.Альфа-бөлшектерді жеңіл және ауыр элементтер атомдарының ядролары бірдей шашырата ма? Жауапты тиісті формуланы талдау арқылы дәлелдеңіздер.
6. Зерттелетін заттаи жасалған жұқа беттен альфа-бөлшектердін. іс жүзінде шашырамай етіп кету фактісі нені көрсетеді?
7. Резерфорд теориясы бойынша атом қалай құрылған?
8. Резерфорд теориясында қандай қиыншылықтар кездеседі?
9. Атомның планетарлық моделі қандай?
10. Томсон моделі неліктен қате деп табылды?
Достарыңызбен бөлісу: |