Атом ядросы — протондар мен нейтрондардан (нуклондардан) құралатын атомның ең ауыр, орталық бөлігі.
Атом ядросының негізгі сипаттамаларының бірі оның электр заряды болып табылады. Атом ядросының зарядын алғаш рет 1913 жылы Г.Мозли өлшеген. Ал ядроның зарядын тікелей өлшеуді ағылшын физигі Дж.Чедвик 1920 жылы жүзеге асырды. Атом ядросының заряды элементар электр зарядының Менделеев кестесіндегі химиялық элементтің реттік нөміріне көбейтіндісіне тең болады:
(1.2)
Сонымен, Менделеев кестесіндегі химиялық элементтің реттік нөмірі кез келген элемент атомының ядросындағы оң зарядтардың санымен анықталады. Сондықтан элементтің реттік нөмірін зарядтық caн деп атайды.
Ядро деп, атомның барлық массасы және оның электрлік заряды жинақталған, атомның орталық бөлігін айтады.
Барлық атомдардың ядролары протон және нейтрон деп аталатын элементар бөлшектерден тұрады. Бұл бөлшектерді көбіне нуклондар деп атайды. Ең қарапайым деп саналатын сутегі атомының ядросы бір протоннан, яғни бір нуклоннан тұрады.
Протон. Протон р әрпімен белгіленеді, оның заряды +е және массасы
(1.3)
Салыстыру үшін электронның массасын келтіретін болсақ, ол мынаған тең болады
(1.4)
(1.3) және (1.4) теңдіктерінен протон мен электронның массаларының арасында мынадай қатынас орын алатынын көреміз
(1.5)
Протонның спині (s=1/2-ге тең) және меншікті магниттік моменті бар
(1.6)
мұндағы
(1.7)
-ядролық магнетон деп аталатын магнит моментінің бірлігі. Бор магнетонымен салыстырсақ шамасы -дан 1836 есе кіші болатындығы шығады. Демек, протонның меншікті магниттік моменті, электронның магниттік моментінен шамамен 660 есе кіші болады.
Нейтрон. Нейтронды (n) 1932 ж. ағылшын физигі Д.Чедвик ащқан болатын. Оның электрлік заряды жоқ, бейтарап бөлшек, ал массасына келсек, ол
(1.8)
протон массасына өте жақын. Нейтрон мен протонның массаларының айырымы шамамен 2,5 электрон массасына тең.
Нейтронның спині де протонның спиніндей (s = 1 / 2) және (электрлік заряды жоқ бейтарап бөлшек болғанымен) меншікті магниттік моменті бар