Сырықтың беріктігін тексеруге мысал.
41(а)- суретте көрсетілген сырықтар жүйесін қарастырайық;
Ұзындығы бірдей екі сырыққа F = 120 кН жүк ілінген. Егер болат сырықтардың аудаңдары бірдей болып А= 4 см2 , ал оның мүмкіндік кернеуі [s]=16кН/см2 тең болса, онда суретте көрсетілген құрылым F күшін көтере ала ма немесе көтере алмай ма соны тексерейік.
N1 N2
а) б)
F F
41 – Сурет.
Ол үшін сырықтарды олардың түйіскен жерінен (түйінін) ойша қиып аламыз-да оның тепе-тендігін қарастырамыз. Сырықтарды қиған қималарда ішкі бойлық күштер пайда болады, олар сол сырықтардың бойымен бағытталады (ол 41(б) – суретте көрсетілген).
Енді статиканың теңдеулерін жазып белгісіз бойлық күштерді табамыз.
SFx = 0; –N1.sin300 + N2.sin300 = 0 осыдан N1 = N2 екенін анықтаймыз;
SFy = 0; N1.cos300 + N2.cos300 – F = 0 осыдан 2N.cos300 = F
N = N1 = N2 = болатының анықтаймыз.
Олай болса сырықтардың қимасындағы ең үлкен тік кернеу тең болады
кН/см2
Беріктік шарты бойынша ең үлкен тік кернеу мүмкіндік кернеуден кіші болуы керек еді, бірақ біздің жағдайымызда керісінше болып түр
smax = 17,5 > [s] = 16,
сондықтан беріктік шарты орындалмайды, яғни суретте кескінделген жүйе F күшін көтеріп тұра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |