Негізгі әдебиет:
1.[1.8:2]; 2.[1.8:4]; 3.[1.8:7]; 4.[1.8:19]; 5.[1.8:27]; 6.[1.8:25].
Қосымша әдебиет:
1.[1.8:7]; 2.[1.8:10]; 3.[1.8:11]; 4.[1.8:12]; 4.[1.8:20]
№16 лекция тақырыбы:
Фольклор мен әдебиет
ХІҮ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі:
Ең алдымен фольклорсандаған ілім-білім салаларымен сабақтасады.
Бұның бәрі бір кезеңдегі фольклордың өзіндік ықпалын анықтай түседі. Бұның басты
дәлелдерін «Халық педагогикасы», «Халық этнографиясы», «Халық философиясы»,
«Халық психологиясы», «Халық музыкасы» және т.б. ұғымдары нақтылай түседі. Соның
бәрі халық мұрасына сүйеніп, фольклордан қажетіне қарай керегін алады. Фольклордың
синкреттілігінің өзі осыдан тайға таңба басқандай көріне түседі.
Біз осы уақыт шеңберінде фольклор мен әдебиеттің бір-бірінен айырмашылығын
жақсы түсіндік. Олар негізінен авторға байланысты, көп нұсқалы екендігіне және
синтаксистік қайталаулар арқылы орындалатындығы екен. Бұл сөзсіз фольклордың
заңдылықтары екендігі талассыз. Ал, «фольклор мен әдебиет бір-бірімен байланысты»
деген тұжырымға көбіміз ойланып қаламыз. Шындығы солай. Фольклор мен жазба
әдебиеті байланысты. Cебебі екеуіде сөз өнері арқылы жасалып, формасы жағынан екі
түрде көрінеді. Бірі ауызша жасалса, екіншісі жазба үлгісімен өрнектелген. Кез келген
ұлттың көркем әдебиеті рухани мұрасыз өркен жаймақ емес. Біздің ұлы жазушыларымыз
Ж.аймауытов, М.жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов,
Ғ.мұстафин т.б. кез-келген шығармасы бұған толық жауап бере алады. Белгілі бір образ,
мекен, табиғат суреттерін, аспан әлемін сипаттау мен суреттеп беру үшін жазушы сол
түсініктің ұлттың негізіне жүгінеді. Оның ұлттық болмысы туралы түсінік фольклорда
сәулеленген. Адам табиғатпен бірге және табиғаттан бөлініп шыққаннан кейінгі тепе-
теңдіктің бұзылуы турасына философиялық таным фольклорда тұрғандығы талассыз
ақиқат. Бұл-бір . Жазушы жан азығын ең алдымен рухани мұрадан алады.
Адамзат арасындағы жақсылық пен жаманжық арасындағы күрес алғаш фольклорда
жасалып, ол үздіксіз әрбір қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға қатысты үздіксіз дамығаны
ауыз әдебиетінен көрінеді. Керек десеңіз елдік пен ерлік, пәтік пен тазалық, достық пен
махаббат кейіпкерлері фольклорда жасалған. Бұл жағынан күрделі типтік бейне ең
алдымен фольклорда идеялық тұрғыдан жүзеге асып, сөз өнері арқылы сомдалған еді.
Образдың ұнамды немесе жағымсызын жіктеп-жіліктей берген ауыз әдебиеті
шығармалары екендігін ұмытпайық. Бұл-екі. Үшіншіден жазушы тілдің байлығын ең
алдымен ауыз әдебиетінен табады. Көне сөздің тіріліп, жаңаша ұғымға айналуына керекті
рухани қазынамыз екендігі даусыз шындық. Ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтел, айшықты
сөз үлгілерінің кез-келген жазушы шығармашылығынан табыла кетуі бұған дәлел
болатындай.
Халықтың ғұрып-дәстүрі туралы ұғымдар мен терминдер асыл сөздер ауызша
әдебиетте жасалып, өнер тілімен насихатталғанғаны фольклорда көрініп тұр. Оның
үздіксіз жалғасын жазба әдебиеті де дәстүрге сай жалғап алып кетті. Қазақтың ұлттық
психологиясын барынша ашып, жарқырата көрсете алған ауыз әдебиеті екендігі талас
тудырмайтын аксиома екені аян. Соның бәрі тіл шұрайымен шырайланып, сөзсұлуы
арқылы сұралылды. Бұл жазба әдебиеттің ең керегі екені мәлім. Бұл-үш. Халыз ауыз
әдебиетінің сюжетіне сандаған жазушылар қайта оралып, соның желісімен драмалық,
прозалық туындылар жазды. Айталық, «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Қобыланды»,
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Алпамыс» т.б. болып кете береді. Бұның бәрі
ұлттық рухты сақтап, оны ұрпақ санасына жеткізудің жолдары екендігі талассыз.
Достарыңызбен бөлісу: |