96
97
Əрбір сұлтанның өзіндік үлесі болды. Қалған əлеуметтік топтардың
бəрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпаға, руға
бөлінді.
Қарасүйек əлеуметтік тобынан ерекше құқықтар иеленген тек би-
лер болды. Атап айтсақ, ру биінің қолында соттық, əкімшілік билік
шоғырланды. Билер сұлтандармен бірге мемлекеттік мəселелер
шешілетін жылдық жиналысқа — құрылтайға қатысты. Небір
беделді билер хан жанындағы «билер кеңесінің» құрамында болды.
Танытқан ерлігі немесе соғыс қимылдарын шебер басқарғаны
үшін хан немесе сұлтандар батыр деген құрметті атаққа ие болған.
«Батыр» ердің атағы ғана емес, сонымен бірге кəсіби жауынгерлер.
Қарапайым жауынгер батырлық танытқанымен, қолына Шыңғыс
əулетіне тəн билік берілмеген. Батырлардың ерліктерін жыршы-
ақындар дəріптеп отырған.
Қазақ қоғамындағы ешқандай құқығы жоқ мүшелері — құлдар
болды. Бұл əлеуметтік топ өкілдерін негізінен соғыс тұтқындары
құрады. Олар өз қожайындарына тəуелді болды.
Қоғам мүшелері дəулет-мүлкінің мөлшеріне сай «бай» жəне
«кедей» болып бөлінді. Осы кезеңдегі қазақ қоғамы əлеуметтік
топтардың иерархиялық ұйымдасқан құрылымынан тұрды.
Бұл əлеуметтік топтар бір-бірімен тығыз байланыста болды. Əр
əлеуметтік топтың өзіндік құқықтары болды.
Достарыңызбен бөлісу: