Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


ханның  жанынан ақсақалдар Кеңесін құру



Pdf көрінісі
бет42/76
Дата04.10.2022
өлшемі1,99 Mb.
#151718
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

 
ханның 
жанынан ақсақалдар Кеңесін құру;
 
билер соты;
 
қазақ балалары 
үшін мектеп ашу;
 
шекара жанындағы қазақтарды тікелей басқаруды 
ұйымдастыру;
 
қазақ жерлеріне əскери-ғылыми-барлау экспедиция-
ларын жіберу т.б.
 
Ал, 1819 ж. Уəли хан қайтыс болғаннан кейін Орта 
жүзде жаңадан хан сайланбады.
Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе оты-
рып, саяси сахнадан Əбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, 
Кіші жүздегі хандық билікті жоюға əрекет жасады. 1797 жылы 
Ресей үкіметінің қолдауымен хан сайланған Айшуақтың халық 
арасында беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-
қатынас шиеленісіп, саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. 
Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның ба-
ласы Жантөре хан (1805—1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орын-
бор губернаторы Жантөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. 
Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура 
келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, 
оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 
1808 жылдың соңына қарай Жантөре ханның жағдайы қиындай 
түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айры-
ла бастады. Біртіндеп билігі əлсірей бастаған Жантөре хан Ресей 
үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап ба-
рып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі 
Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның 
өзін өлтіріп кетеді. Жантөре өлген соң Ресей үкіметі оның орнына 
Əбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. 
Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасын-
да ықпалы күшті Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез 
арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хандық 
билікті жоюға мүдделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті 
күшейту əрекетіне мүмкіндігінше кедергі жасауға тырысты. 1821 
жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы ханды патша үкіметі 
қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші 
жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. “Игельстром рефор-
масы” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің 
арасындағы жерлерге көшіп-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 
жылы қосөзен аралығында екінші хандық — Бөкей Ордасы (Ішкі 
Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі 
əлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне 
əкелді.
Осылайша, ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында Орта жəне Кіші 
жүздің аумағы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің 
аумағы Қоқан хандығының қол астында болды. 
ХІХ ғ. 20—30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының 
шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен 
Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті 
деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының 
жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ 
даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары 
туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға 
асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел 
ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-
біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды 
қолданды.
1822—1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне 
Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губерна-
торы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) 
Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери 
губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 
ж.) Жарғы Кіші жүз аумағына таралды.
«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз аумағы 
«Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-
губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 
ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-


140
141
батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта 
жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға 
қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 
ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын 
(1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).
Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-
губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қыр-
ғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында 
округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 
жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға 
дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың 
құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл 
старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. 
Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, 
ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан 
рұқсат алуы керек болды.
Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын 
күйретті де рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға 
сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға 
түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал 
шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егер-
де ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын 
болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі 
болды.
 
Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске 
түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылай-
ша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен 
уездері Том губерниясына берілді.
1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол 
өзгерістер бойынша сот үш санатқа бөлінді:
— қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, 
билікке бағынбау);
— арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша 
билер шешетін екінші кезектегі істер);
— облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың
сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).
Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша əр 
қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс бол-
ды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан бо-
сатылды. Қазақтарға керуендерді, пошта жолдарын күзету, байланыс 
жолдарын қадағалау сияқты жəне т.б. міндеткерліктер жүктелді.
Жарғының арнайы бір параграфы аға сұлтандардың, болыс-
басқарушы сұлтандардың жəне округтік приказ шенеуніктерінің 
мəртебесін жəне жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарға 
жылына 1200 сом, тілмаштарға — 800 сом, болыс сұлтандарына — 
150 сом. 
Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде жəне оның 
сыртында да тауарларын шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының 
жеке баптары сауат ашу мəселесін қарастырды.
1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды рет-
теу үшін бірнеше «Ереже…» қабылданды жəне отаршыл əкімшіліктің 
қазақ даласына тереңдеп жылжи түсуіне мүмкіндік берді. Патша 
əкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, 
əкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге 
ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының 
жікшілдікке ұшырауына жəне үкіметке қарсы көңіл-күйдің пай-
да болуына əкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін қорғауға 
шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық 
көтерілістер орын алды.
1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған 
«Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырыл-
ды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, 
оның аумағы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп, Орын-
бор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында
аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, 
Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы болды. Аға сұлтандардың 
жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын 
казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом 
жалақы төленді.
 
1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт 
кеңесші жəне төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия 
құрылды.
1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл стар-
шындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын бол-
ды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор 
генерал-губернаторы тағайындады.
 
1831 ж. дистанциялар мен 
старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте — 8, Орта-
да — 20, Шығыста — 28 дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын 
күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар 
жəне молдалар салықтан босатылды. 
1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылдан-
ды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті 


142
143
қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-
тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі 
мүмкін болмай қалды.
Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналды-
ру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына 
орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш 
Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал 
Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822—
1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының 
территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару 
туралы Жарғыларды қабылдады.
 
Осы жəне одан кейін жалғасқан 
ХІХ ғасырдың 30—50 жылдарындағы реформалар патшалық 
Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ 
ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ре-
сей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, 
Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет