2. Абылай ханның Қазақ хандығын нығайту
жолындағы қызметі
Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең-
жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске
120
121
алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне
де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет
ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық
хандары мен билерін-сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де са-
яси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін
айтқанымыз жөн.
Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы,
егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде
Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік
заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты —
Əбілмансұр. 1711 жылы əкесі Көркем Уəли Түркістанға сұлтан бо-
лып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте
қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей)
ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды.
Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды.
Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай
12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22-де батыр,
қолбасшы ретінде танылады.
XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін
Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап,
олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды
жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін
түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің
тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы
берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр бол-
ды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп,
басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге
қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кез-
де қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің
тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін,
тəуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру
барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың
28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и поддан-
ным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай
мемлекетінің бодандығын қабылдауға мəжбүр болды. Тарихшы-
ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XVІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен
қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жа-
зады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін
күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін
білдірді: «Ұлы мəртебелі патшаның орталық ойпатты билеп
отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер
көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне,
бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама
дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды
деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мəртебелі патшаға қараймын».
Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де,
күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің,
біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мəжбүр болғанымен шын
мəнінде ешкімге де бой ұсынбаған тəуелсіз басшы болды».
Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым-қатынастарын
орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай
өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-
мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың ба-
сын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер
саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империя-
ларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің
дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды.
Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше
түрік халықтарының жəне де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік
білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында
қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың
тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын
жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі — мықты орталықтанған
билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді.
Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес
адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге
қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде
өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі
тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Це-
рен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мəртебелі сый-
сияпат көрсеткен жəне де «ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын
ерте туды, бүкіл əлемді билеу қолынан келеді» деп тегіннен-тегін
айтпаған болар. Осы мəселеге байланысты орыс деректерінде былай
жазылған: «Он, Аблай, от зюнгарцев с великим награждением от-
пущен, а именно: дана ему палатка, шитая золотом шуба, крытая
парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и прочее».
Жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан Церен «Менің ұлымды өлтір-
ген сен бе?» — дегенде Абылай былай жауап берген екен «… балаң-
ды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын
122
123
орындаушы ғана». Бұл оқиға туралы Үмбетей жырау «Бөгембай
өлімін Абылай ханға естірту» атты жырында былай дейді:
«Өлтірем деп Қалдан хан
Орайына Шарыштың,
Сөзіне қарсы сөз айтып,
Жауаптастың, қарыстың.
Қапияда тұтылдың,
Қалмаққа бітеу жұтылдың,
Шешендік жолын тұтындың,
Үш ауыз сөзбен құтылдың …»
ХVІІІ ғ. 50- жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа
ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай ол елді қырып
шапқан жоқ. Себебі, Қытай империясымен Қазақ елінің арасын-
да қалқан рөлін атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы
неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол
қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық
күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды,
соның нəтижесінде 1756—1757 жылдары Цин империясы Жоңғар
мемлекетін жойып, халқын қырып тынды.
XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі
біртұтас ел болуын, атақонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін
қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын
қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай
хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық
жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мəселелерді қарайтын жəне
де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс
пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен
дипломатиялық қарым-қатынас мəселелері қарастырылып отырды.
Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалала-
ры азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан
кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы
қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді.
Мемлекеттің тəуелсіздігін сақтау үшін, басқыншылардан елін
қорғай алатын жауынгерлік қабілеті бар əскери күш жинап, олар-
ды басқаратын тапқыр əскер басшыларын өзінің қасына жинай
білген жəне де өзінің жоғары дəрежедегі қолбасшылық қасиеті бар
екенін көрсете алған. Орыс казактары салып жатқан бекініс, қамал-
қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден айырылып қалмау
үшін, орыс мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге əрекет
етті.
Ал сауда-саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді.
Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-
жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды.
Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа — Қытайға қарай «Абы-
лай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай
арасындағы сауда-саттық биік дəрежеге көтерілді. Тарбағатай мен
Құлжада жəрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер
бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік ту-
дырды жəне Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сау-
да қарым-қатынасын орнатуға жол ашты.
1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл
қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императо-
ры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина
ІІ Абылайды хандыққа бекіту, əйтпесе, оған əлдебір нұсқаулар беру
үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады,
алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып
халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куəлік алудың
қажеті жоқ»,— деп жауап берген. Шын мəнінде де Абылай ханның
тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге
жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін
бəрінен де жоғары санады.
Сондықтан, Цин империясы Жоңғар мемлекетін қырып-жойып,
шауып тастағаннан бастап Абылай бірнеше елшілер жіберіп, Қытай
мемлекетімен бейбіт саяси қатынас орнатуға тырысты. Қытай импе-
риясы бірнеше қайтара шапқыншылық жасап, қазақ жерін жаулап
алмақшы болды. Қытай мемлекетін жеңу оңай емес екенін түсінген
Абылай хан онымен бейбіт келісімге келіп, сауда-саттыққа жол
ашып, оны Ресей империясына қарсы қолданған. Қытаймен бейбіт
қарым-қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де қалыптасқан
саяси жəне экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы
қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал-қалалар салып, олар-
ды орыс казактарымен толық жайғастырып жатқанда жəне де
Жайықтың, Ертістің тағы басқа өзендердің жағасына қазақтар ма-
лын жаюына тыйым салу жөніндегі жарлықтарын шығарғанда Ре-
сеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мəселені дипломатиялық
жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып
алу саясатының құрбаны болу қаупі тұрғанын сезді.
124
125
XVІІІ ғ. 70- жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды
қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырады. Қазақтар
Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді. 1779
жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы — Са-
дырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жаса-
уды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалалары
босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны алым-
салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан «… өзі əулет басы
ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда
қалды. Сонда 1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің
мешіті алаңына жерленді»,— дейді Ш. Уəлиханов.
Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл
түзеді. Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау
қуылды, халық өз жерінде емін-еркін тұрмыс құрды, бірлікке,
ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола
тұрса да Абылай хан көзі тірісінде қазақ елінің мемлекетінің тұрақты
болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай
хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан
тəуелсіздігінен айырыла бастады.
Абылай хан — XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы.
Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тəжіри-
бесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны,
күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен,
Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары
жағынан болсын өз тұсындағылардың бəрінен де басым еді. Ол
ұстамды, досына мінəйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді.
Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді».
Бұл жерде Абылай ханның XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санау-
лы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі, қазақ
қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде
жəне күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның күйлерінің
тақырыбы нақтылы өмір құбылыстарына арналған жəне де ел қамы
мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай
ханның күйлері туралы Ш. Уəлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым–
зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт»,
«Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б.
«Бұл күйлердің бəрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына
сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді Ш.Уəлиханов.
Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты — қазақ халқының
бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тəуелсіздігі еді. Алайда
ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыды-
рай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға
алды. Оны іске асыру əртүрлі жолдармен іске асты, яғни əскери шеп
бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, руха-
ни отарлау жəне т.б.
Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық
жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тəуелсіздікке, бейбіт
өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл-айласымен,
сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Əйтеке би, Қазыбек
би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы
Бөгенбай, Шақшақұлы Жəнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. ба-
тырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты
сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында аса зор
беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең
дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға
айналған Абылай деген ат тəуелсіздік, бостандық, бірлік, ерлік,
азаматтық, мемлекеттік тəрізді ұғымдармен бірге айтылатын бол-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: |