Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы 2009


 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс



Pdf көрінісі
бет45/76
Дата04.10.2022
өлшемі1,99 Mb.
#151718
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
Байланысты:
Қазақстан тарихы. Қаражан Қ.С.

4. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыс
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, 
шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін 
күштеп тартып алуды одан əрі жалғастыруы, қазақ қоғамында 
əлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы баста-
ған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды. Қазақтардың 
ХVІІІ—ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен 
салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің 
ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгелге дерлік катысты. 
Бұл күрестің кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алуы, Ке-
несары күресінің өзіне тəн саяси ерекшелігі деу керек. Азаттық 
күреске қатысушы рулардың саны күрестің алғашқы жылдарына 
қарағанда 1843—1845 жылдары көбейе түскені байқалады. Кене-
сарыны анағұрлым белсенді қолдаған рулар: Қыпшақ, Төртқара, 
Жағалбайлы, Табын, Тама, Бағаналы, ІІІекті, Алшын, Керей, Жап-
пас, Арғын, Үйсін, Дулат т.б. Кенесары жетекшілік жасаған азаттық 
күресіне ру басылары мен билер жəне басқа да ауқатты топ өкілдері 
қатысты. Олар, мысалы, Ш. Едігенов, Шорман Күшіков, Мұса 
Шорманов жəне т.б. Кенесарыға белсенді қолдау көрсеткендердің 
бірі оның əпкесі Бопай. Ол өзінің күйеуі Семеке мен оның туы-
стары сұлтан Сортек пен Досан Əбілқайыровтарды Кенесарыға 
қосылуға үгіттейді. Олар көнбеген соң күйеуін тастап, баласымен
көтерілісшілерге қосылып, Кенесарының бір отрядын басқарады. 
Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты Абылай хан 
тұсындағы қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына 
келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тəуелсіздігін 
сақтап қалу болды. Кенесары Ресей отаршылдығына қарсы азаттық 
соғысты бастамас бұрын бірнеше дипломатиялық қадамдар жа-
сады. 1837 жылдың көктемінде патша үкіметіне жаңа бекіністер 
жүйесін салудан бас тартып, салынған бекіністерді бұзуды, орыс 
əскерлерінің қазақ даласына ішкерілей енуін тоқтатуды талап етіп 
бірнеше хат жолдаған болатын. Сол хаттарының бірінде: «Ата-
бабаларымыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, 


156
157
Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Орал, Торғайға 
дейінгі жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол 
жерлерде бекіністер салынып, сонысымен тұрғындарды өте қиын 
жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, 
сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті»,— деп көрсетеді. 
Бірақ, Кенесарының бұл хаттары патша əкімшілігі тарапынан жау-
апсыз қалдырылды. Одан кейін Кенесары 1837 жылдың күзіне қарай 
ашық күреске шығады. Қараша айында Петропавлдан оңтүстікке 
қарай бара жатқан керуенді қорғаушы Ақтау бекінісінің казак от-
рядына шабуыл жасайды.
1838 жылы Кенесары əскері Ақтау мен Ақмола арасындағы
шептерге шабуыл жасап, онда орналасқан Симоновтың отрядын 
талқандап, 10 пистолет, 9 мылтық, 13 қылыш, 7 найза, 495 мың 
оқ, т.б., қару-жарақ, оқ-дəріні қолға түсірді. 1838 жылдың күзінде 
Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы əскерлерімен 
бірнеше дүркін қарулы қақтығысқа түсті. Солардың ішінде айрықша 
кескілескен шайқас мықты бекіністердің бірі саналатын Ақмола 
бекінісі үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа 
Құдаймендиннің жасағы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы 
қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының əскері бекіністі өртеп, 
жаудың біраз əскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады.
1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Орынбор əскери губерна-
торлығына қарасты ЬІрғыз бен Торғай жаққа көшеді. Ол кездегі 
Орынбордың генерал-губернаторы граф В.А.Перовский алғашқы 
кезеңде көтерілісшілермен арақатынасты бейбіт жолмен шешу-
ге тырысқан еді. Арадағы келіссөздер барысында В.А.Перовский 
Кенесарыға көмектесетін болады. Жылдың аяғында Кенесары мен 
В.А.Перовский арасында уақытша бітім жасауға қол жетеді. Ол бітім 
бойынша Кенесары бастаған көтерілісшілер шекара шебіне шабуыл 
жасамауға уəде береді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созыл-
ды. Бірақ, уақытша тыныштық орнаған тұста Батыс Сібір генерал-
губернаторлығының əскери отрядтарымен қарулы қақтығыстар 
тоқталған жоқ болатын.
1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан 
жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын 
ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкілқазақ халқына 
билігі жүретін хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта 
құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Ре-
сей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің 
бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне 
Кенесары ханның билігі жүрді. Мемлекеттік құрылыс қайта 
ұйымдастырылды. Хан Кеңесі құрылып, оған батырлар, билер, 
сұлтандар, сондай-ақ, жеке ерлік көрсеткендер, дипломатиялық 
қабілеттері бар ақылды саясаткерлер мен сенімді жақтастары кірді. 
Дипломатиялық қызмет ұйымдастырылды. Хан жарлықтары мен 
Хан Кеңесінің шешімдерін таратып, түсіндіріп жəне орындалуын 
талап етіп отыратын арнайы басқарма құрылды. Салық жүйесіне 
өзгерістер енгізілді. Əскери мəселеде, Хан кеңесінің мүшелері мен 
атақты батырлар басқаратын қатаң əскери тəртіптегі мыңдықтар 
жəне жүздіктерге бөлінген, далалық соғыс жағдайына ыңғайлы 
жасақтар ұйымдастырылды.
Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келген-
нен кейін, 1841—1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы 
қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізеді. Бұл күрестің 
нəтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары 
қоқандықтардан азат етіліп, Түркістан қаласы қоршауға алына-
ды. Осыдан кейін Қоқан хандығы Кенесарымен келіссөз жүргізуге 
мəжбүр болды. Қоқандықтарды талқандауда Сырдария бойындағы 
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың Кенесарыға қолдау 
көрсетіп, шайқастарға белсенді қатысуы үлкен рөл атқарды. 
1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Пе-
тербургке қызметке шақырылып, оның орнына Орынборға генерал-
губернатор болып Обручев тағайындалады. Обручевтің Перовский-
ге қарағанда Кенесарымен арадағы мəселені шешуде көзқарасы 
басқаша болды. Ондай жағдайды пайдаланған Сібір губернаторы 
Горчаков осы жылы Кенесарының ауылын шабуға Сотниковтың 
басқаруымен отряд жібереді. Нəтижесінде, Орынбор əкімшілігімен 
жасалған бітім Горчаковтың тарапынан бұзылды. Ал, 1843 жылдың 
27 маусымында патша Николай І Кенесары Қасымұлы бастаған 
күресті басу үшін қазақ даласына ірі көлемдегі əскери жорық 
ұйымдастыру туралы бұйрық шығарды. Сонымен қатар, Кенесары 
ханның басын кесіп əкелген адамға 3000 сом сыйлық тағайындады.
1843 жылдың көктемінде патша əкімшілігі қазақ даласына үш 
отрядты бірдей жіберуді ұйғарды. Ол отрядтарға Ор бекінісінен, 
Ұлытаудан жəне Тобыл өзені бойынан бір уақытта аттанып, Ке-
несары ханның жасақтарын жан-жақтан қоршауға алып, шешуші 
соққы беру арқылы талқандау қатаң тапсырылды. Оған қоса, Батыс 
Сібір генерал-губернаторлығынан старшина Лебедевтің жəне қазақ 
сұлтандары А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылығымен 
құрамында қазақтардан 2000-дай адамы бар қосымша отрядтар 


158
159
жасақталды. Кенесары ханның əскеріне қарсы соғыс операция-
сын басқару генерал-майор Жемчужниковке жүктеледі. Ол кезде 
Кенесарының 20 мыңдай əскері бар еді. Кенесары хан патшаның жа-
залаушы отрядтарын бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке-
жеке соққы беруді ойластырды. Ол өз жасақтарының бір бөлігін Ба-
тыс Сібірден шыққан отрядқа қарсы жіберді де, олар Ұлытауға қарай 
шегіне шайқас жүргізіп, жазалаушы отрядты басқа жаққа қарай 
бұрып əкетеді. Ал, кейіннен Кенесарыға қарсы шайқаста көрсеткен 
дəрменсіздігі үшін Лебедев Орынборға шақыртылып, қызметінен 
босатылып, сотқа тартылады. Кенесары болса, бұл кезде өзінің 
негізгі күшімен Константиновск бекінісіне шабуыл жасап, 1844 
жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні Өлкеаяқ өзенінің бойында 
Ахмет Жантөриннің отрядын қоршауға алып талқандайды.
Осы 1844 жылы Ыстықкөл төңірегіндегі қырғыздар атынан Бұғы 
руы манаптарының бірі Боранбай Бекмұратов Ресейдің билігін 
мойындауға дайын екендігін патша І Николайға хабарлайды. Бірақ 
манаптың бұл ұсынысын Ресеймен арадағы жердің қашықтығын 
сылтауратқан патша жауапсыз қалдырады. Кейбір қырғыз 
билеушілерінің Ресей билігін мойындауға ыңғай танытуы Кенеса-
ры ханды ызаландырған болатын. Ал, Кенесарының қырғыздармен 
қақтығысының қарсаңында қырғыз манаптары Орман, Жантай, 
Жанғаралы Батыс-Сібір губернаторына хат жолдап Ресей өкіметінің 
құрамына қабылдауды сұрайды жəне қазақ ханы Кенесарыға қарсы 
күресте қолдау көрсетуді өтінеді. Бұл жағдай Кенесарыны одан əрі 
ерегістіре түседі.
1846 жылдың басында Кенесары хан əскерлерімен Балқаш 
көлінің маңына қоныс аударады. Патша үкіметі қазақ даласындағы 
Кенесары бастаған көтерілісті біржола жою үшін енді генерал-майор 
Вишневскийдің басқаруымен үлкен отряд аттандырады. 1846 жылы 
Кенесары хан қоқандықтардан Əулиеата (Тараз), Мерке қалаларын 
қайтарады. Осы жылы Кенесарыға қолдау көрсетуші Ұлы жүздің 
Саурық батыры қырғыздардың батыры Жаманқораны өлтіреді. 
Оған жауап ретінде қырғыздар Саурық батырдың ауылын шау-
ып, Саурық батырды жігіттерімен қоса өлтіріп, мал-мүлкін тонап 
кетеді. Бұдан кейін қазақ-қырғыз арақатынастары шиеленісе түсті. 
Патша үкіметі болса қазақ-қырғыз тартысына ашық кіріспей, Ала-
тау өлкесін өз билігіне бағындыруды жеңілдету үшін туысқан екі 
халықты бір-біріне айдап салып, екі жақты да əлсіретіп барып, осы 
өңірге өз əскерін кіргізудің қолайлы жолдарын қарастырды. Осын-
дай шиеленіскен жағдайлардың барысында 1847 жылы Кенесары 
хан 10 мың сарбазымен қырғыз жеріне басып кіріп, оларды Қоқан 
езгісіне қарсы қазақтармен бірігіп күресуге шақырады.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір 
деген жерінде болады. Қырғыз манаптары мен Вишневскийдің 
отряды жəне Қоқан хандығының əскерлері «Алмалы сай» 
шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға ала-
ды. Таулы аймақ хан Кененің сарбаздарына басымдық көрсетуге 
мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, Рүстем сұлтан мен Сыпатай ба-
тыр бастаған жасақтардың ұрыс алаңынан кенеттен шегініп, кетіп 
қалуы да жағдайды қиындатқан болатын. Өздерінен бірнеше есе 
күші көп жаумен болған қаһармандық шайқаста Кенесары хан 32 
қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза та-
бады. Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары хан 
патша чиновниктерінің алдауына түсіп, сыйлықтар алған қырғыз 
манаптарының тарапынан өлтірілді. Кенесары ханның қасіретті 
өлімінен кейін оның жетекшілігімен болған қасиетті азаттық күресі 
де жеңіліске ұшырады. Кенесары бастаған азаттық күресті кейін 
оның баласы Сыздық сұлтан жалғастырды.
Кене ханның отаршылдыққа қарсы күресінде Ағыбай, Ақғаш, 
Басығара, Жанайдар, Жəуке, Иман, Байсейіт, Сұраншы, Жоламан 
жəне т.б. батырлар қолдау көрсетіп, аянбай шайқас жүргізді. Кене-
сары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі 
себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алма-
уы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы 
жəне де патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, 
Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы. Сонымен 
қатар, ол өзін жақтамаған кейбір қазақ жəне қырғыз ауылдарын ша-
буы кері əсерін тигізді, өйткені ол халықтың наразылығын туды-
рып, көтерілісті əлсірете түсті. Дегенмен де, Кенесары Қасымұлы 
бастаған ұлт-азаттық күрес қазақ халқының тарихында мəңгілік 
өшпес із қалдырған, Қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға 
тырысқан, тарихи маңызы зор күрес болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет