172
173
тісу облысы əскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша
Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже»
əзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін
сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына
(ерлерге) 30 десятина
жер беру, 15 жылға алым-салық жəне түрлі
міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру жəне
басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар
жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ере-
желер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа
келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек
жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған:
«Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша
10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық
жəне міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алым-
ды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.
Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды.
Онда қоныс ау-
дару тек Ішкі істер министрлігі жəне Мемлекеттік мүлік министрлігі
арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері
жергілікті өкімет құзырына берілді. Мұнда үлкен астар жатқаны
ешқандай құпия еместі. «Ережеде» шаруалардың қоныс аударып,
тұрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу,
Ақмола жəне Семей облыстарының аумағына орыс-украин шаруа-
лары көптеп қоныстануы белгіленді. Атамекенінен қоныс аударған
шаруаларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885
жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 де-
сятина мөлшерінде тартып алынды. Онда 10 940 ер адамы бар 24
қоныс аударушылар бөлімшесі (учаскелері) құрылған еді. Семей об-
лысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті тұрғындар
иелігінен алынды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868—1880 жж.)
3324 отбасы қоныс аударып, оның 2099 селолық құрылымға біріксе,
1225 отбасы қалаларда тұрақтанды.
1889 жылғы Заң күші Торғай жəне Орал облыстарына да тарал-
ды. Заң қоныс аудару мəселесін үкімет құзырында
қалдырды, қоныс
аударушылар үшін арнайы рұқсат қағаз қажет болды. Түйіндеп
айтсақ, патша өкіметі орыс шаруаларының еркінше қоныс аударуын
қадағалап, реттеуді көздеді. Алайда шаруалардың өз еркінше қоныс
аударуы ретсіз қозғалыс болып қала берді.
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді
көздеп, 1892—93 жж. Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады.
Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында «артық», «бос»
жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, жедел
жұмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу
— барынша көп мөлшерде қазақтар жерінен «бос», «артық» деген
жерді анықтау арқылы қоныстанушылар «қорын» толықтыру болды.
Сондай-ақ, жергілікті əкімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға
үлкен назар аударылды. Нəтижесінде ХІХ ғасыр соңына қоныс ау-
дарушылар басқармасының орталықтандырылған біртұтас жүйесі
құрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің солтүстік өлкесі
арқылы жүргізілді. Ақмола облысы əкімшілігіне қараған осы өңірде
құрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруа-
ларын қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Мұнда,
экономист Ф.А.Щербина басшылығымен «қоныстанушылар қорын»
жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды. Ар-
найы экспедиция 1896—1902 жылдарда Ақмола, Торғай жəне Семей
облыстарының 12 уезін қамтып, қазақтардың мал шаруашылығына
қажетті пайдаланатын «нормасын» «187 десятина жер 24 мал ба-
сына жеткілікті» — деп анықтады. Зерттелген 8
уездің жергілікті
қазақтарға тиесілі жер мөлшері — 51 %, қалған 49 % жері «қоныс
аударушылар қорында» қалды. Экспедиция жұмысы нəтижесімен
қанағаттанбаған патшалық əкімшілік қазақтар пайдалануындағы
жер «нормасын» азайтып, «артық» деген жерді қосымша анықтау
арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша «қоныстанушылар
қорын» 63% дейін көбейтті. Қоныс аударушылар қатары жылма-
жыл артып, олар тұрақтанған жерлерде мыңдаған қоныстар пайда
болды. Қазақстанның солтүстік, батыс жəне шығысында жаңа келіп
қоныстанған орыс жəне украин шаруаларымен қоса, орыс-казак ста-
ницалары салынды. Мəселен, Ақмола, Торғай жəне Орал облыста-
рында тұрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар
жəне орыс, украин шаруалар есебінен жалпы халық саны өсті. 1897
жылғы жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола об-
лысында орыс тұрғындарының көрсеткіші 33 % жеткен.
Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин жəне əскери
адам қоныстанды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында мұнда 5 уезд жəне
80-нен астам елді мекендер пайда болды. Патшалық үкіметтің же-
дел қарқында жүргізген қоныс аудару саясаты нəтижесінде келімсек
орыс, украин шаруаларына ең шұрайлы жайылымдық, егістік, су
көздеріне бай, орманды жерлер берілді. Тұрғылықты қазақтар бол-
са, сусыз, малға
тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен
қоныстарынан көтеріле көшуге мəжбүр болды. Қоныс аудару сал-
дарынан жергілікті тұрғын саны азайып, демографиялық ахуал
174
175
күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87
%-ке дейін азайды. Келімсек орыс жəне украиндардың саны 532,7
мыңға, татарлар — 55,4 мыңға, өзбектер — 73,5 мыңға, ұйғырлар —
56 мыңға артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа ХХ ғасырда ұлғая
түсті.
Патша үкіметі 1901 жылы Жарлық шығарды, онда жеке адамдарға
қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді.
Қазақтар жері қазыналық деп есептелді жəне 1867—68 жылдар ре-
формасына сəйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған бола-
тын. 1904 жылы Қоныс аудару басқармасы құрылып,
оған орталық
Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен
жүктелген еді.
1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда «село тұрғындары
мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы»
делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ
халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс
ауыртпалығын бастан кешуге, мəжбүрлікке душар етті.
XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар
ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871—1881
жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды.
1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шар-
тына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің
мəнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында:
«Іле аймағының тұрғындарына Қытай қоластындағы мекендерінде
қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау
ұсынылады» — деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді
Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген
мақсаты — оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық
көтерілісіне
қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мəселе бойын-
ша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек жəне
Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды.
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881—1883
жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572
ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам болса, ал 20745
əйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға
барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын
(қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Ше-
лек ауданы), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары
құрылды (қазіргі Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың
басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар сай-
ланды.
Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды
жолмен суландырылатын егіншіліктің əлдеқашан қалыптасқан
дəстүрлерін əкелді. Ұйғырларда күріш өсіру дүнгендердегі сияқты
негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша са-
лумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген
шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды.
Сонымен, қорыта айтқанда, орыс
шаруаларын қазақ өлкесіне
қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарам-
ды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы əкімшілік
жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан əрі жетіліп, нығая
түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды
орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық
сипат алғандығын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: