176
177
ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі,
көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық
өлшемі, сол дəуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген
қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр
күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін
қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.
ХVІІІ ғасырда та-
нымал болған Ақтамберді, Тəттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш
секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ
əдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты
жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668—1781) бірнеше шығармалары
сақталған. Ол тəуелсіздікті сақтау жəне нығайту идеясын білдірген
көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы
Абылайды қолдап, əртүрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау
қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті
мемлекет болуын армандады. Тəттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш
сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған.
Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту
жыры — жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай —
халық
қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тəттіқара ақын қатардағы жа-
уынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған
толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте
қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
XІX ғасырда қазақ əдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың
көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан
қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дəуірде айтыс өнері дамып,
даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шерни-
яз, Біржан,
Бақтыбай, Жамбыл сияқты əйгілі ақындар қатары Сара,
Ырысжан, Ұлбике, Тəрбие, Ақбала жəне басқалар сияқты ақын
қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны
жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің
негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық
проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз бол-
са, Біржан мен Сара айтысында қазақ əйелдеріне жеке бостандық
беру мəселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі
қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін əзіл-оспаққа
құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музыкалық мəдениетінде Махамбет Өтемісұлы
(1804—1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836—1838 жыл-
дардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел-
сенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнама-
шысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі”
сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817—1881) Кіші жүз
қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыр-
шысы жəне ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты
күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-
заман ақындары да қазақ əдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман
ақындарының көрнекті өкілдері — Дулат Бабатайұлы (1802—1874),
Шортанбай Қанайұлы (1818—1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843—1909).
Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар бол-
ды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін
толғай білуде емес,
басқалардың да халін танып, күйіне салып
толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да
қара басын күйттеген ақын емес, халқының үні мен елдің мұңын
жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның
отаршылдық саясаты дəуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен
кезі еді. Мəселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Əттең,
бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін
отарлаушыларды батыл əшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Ду-
лат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”
өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.
ХVІІІ—ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар
шығыстық ақындық дəстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастанда-
ры араб-парсы əдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай
қазақтың классикалық əдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”,
“Масғұт”, “Əзімнің əңгімесі”). Абай (Ибраhим)
Құнанбайұлы
(1845—1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның
пікірінше, əрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы
көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы
əрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына
толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның
негізгі күштері — ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мəдениет
толық көлемде дами алады жəне бүкілхалықтық игілік əкеледі деп
санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды.
Яғни, бұл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз
байланыстырылды. Ұлы ақын:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде”
178
179
деген болатын. Сол сияқты ақын орыс əдебиеті жəне мəдениетімен
таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығарма-
ларын аударумен шұғылданды. Орыс əдебиеті үлгілерін қазақ халқы
арасына
тұңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын
насихаттады.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уəлихановты
(1835—1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уəлиханов екі экспедицияға
қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден
Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі — дипломатиялық тапсырма бойынша
Құлжаға сапар. 1857 жылы Уəлиханов Алатау қырғыздарына тағы
да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Ма-
насты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уəлиханов
тарихи деректермен қатар көненің көзі — ерте заман бұйымдарының
құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”,
“Қытай империясының батыс провинциясы жəне Құлжа қаласы”,
“Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық ту-
ындылары жоғарыда аталған сапарларының нəтижесі болатын.
Ш.Уəлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының
назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық
мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның
жəне көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының
өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан
аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын
зерттеуге де үлкен үлес қосты.
А.Құнанбаев пен Ш.Уəлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім
жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) жəне зайырлы
(орыстық). Мектеп пен медреселерде
діни білім беріліп, молдалар
мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім
философия, тарих, əдебиет, астрономия, медицина, математика,
лингвистика пəндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды
Ресейге қызмет ету мен орыс мəдениетіне қызығушылық жолдары-
на салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар,
оқытушылар, əскерилер, дəрігерлер даярлады.
Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы та-
нымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды.
Ы.Алтынсарин (1841—1889) бастамасымен жəне тікелей қатысуымен
Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына
қол жеткізілді. Ол, əсіресе, қолөнер жəне ауылшаруашылығы
училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық ара-
сынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті ма-
мандар даярлауға ерекше мəн берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ
мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ)
хрестоматия-
сы” жəне “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы
басшылық” атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ
тілінен сабақ беріп, ол ұлттық əдебиет пен мəдениетті дамыту, қазақ
əдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуы-
на Құрманғазы Сағырбайұлы, Дəулеткерей Шығайұлы, Тəттімбет
Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар
үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық
аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-
əңгіме мен жырларды орындап отырды.
Аталған композиторлардың
дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың
шығармаларында əлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан
Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса
Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты жəне тағы басқа
көптеген ақын, əнші, композиторлардың шығармашылық жəне орын-
даушылық шеберлігі арқасында қазақ əн мəдениетінің классикалық
үлгілері дамып, жоғары дəрежеге көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: