Лекциялар курсы Редакциясын басқарған



Pdf көрінісі
бет13/78
Дата04.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#109053
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Байланысты:
тарих тарих

Қарлұқ  қағанаты
  (756-940  ж.ж.).  Қарлұқтар  туралы  алғашқы  деректер  V  ғасырда 
олардың  тирек    тайпаларының  құрамында  болғандығын  айтады.  Қарлұқ  туралы  алғашқы 
дерек  “суй  әулетінің  тарихында”  581-618  жылдары  кездеседі.  Онда  қарлұқтар  өздерінің 
басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ  тайпаларының әуелгі орналасқан 
аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. 
VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш  тайпа – бұлақ, шігіл және 
ташлық  кірген.  Әмудәриядан  бастап  Қытайға  дейінгі  түріктердің  барлығын  шігіл  деп 
атаған.  Олардың  біразы    Таласқа  жақын  жерде  Шігіл  деп  аталатын  қалада  тұрған.  Шу 
аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз 
тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып 
жүрген.  Қарлұқтардың  көсемдерін  “жабғу”  деп  атаған.  Олардың  астанасы  Қойлық  қаласы 
болды.  
ІХ  ғасырдың  аяғында  қарлұқтардың  жағдайы  біршама  нашарлады.  Себебі  Орта 
Азиядан  саманидтер  әулеті  мен  арабтардың  шабуылы  жиілейді.  Сөйтіп,  саманидтер  мен 
қарлұқ  қағандығының  арасында    Оңтүстік  Қазақстан  жері  үшін  ұзақ  жылдарға  созылған 
күрес  басталды.  893  жылы    Тараз  қаласына  Саманидтердің  тегеурінді  шапқыншылығы 
жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін 
енгізе  бастады.    Х  ғасырдың  басында  Қарлұқ  қағанатының  жағдайы  ішкі  қырқыс,  талас-
тартыстардың  нәтижесінде  әлсіреді.  Осы  жағдайды  пайдаланған  Қашғар  жеріндегі  түрік 
тілдес  тайпалар    940  жылы  Баласағұн,  Испиджаб  қалаларын  басып  алады  да,  Қарлұқ 
мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет